• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Наурыз, 2019

Элизабет Тұрсынбаева Алматыға келді

1225 рет
көрсетілді

Жуырда ғана мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Сайтама қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медальді иеленген еліміздің мақтанышы Элизабет Тұрсынбаева бүгін Алматыға келді.
БАҚ өкілдері және жанкүйерлермен жылы қауышқан қазақ қызы: «Мені осындай зор қошеметпен қарсы алғандарыңызға дән ризамын. Алғысым шексіз! Әлем чемпионатына келер болсақ, сол жарыста күміс медальді иеленгенім мен үшін де, елім үшін үлкен абырой болды. «Сальхов төрттігін» орындау оңай шаруа емес. Осыған дейін екі рет тәуекелге бел буып көрген едім, ол ойым жүзеге аспады. Ал әлемдік додада көздеген мақсатыма қол жеткіздім. Өз өнеріме ризамын. Алдағы уақытта да барша қазақстандықтарды толағай табыстармен қуантқым келеді», – деп ағынан жарылды.    Элизабет Тұрсынбаеваның Алматыға келу мақсаты – 30 наурызда Ресейдің әйгілі спортшысы, Олимпия ойындарының күміс жүлдегері, әлем және Еуропа чемпионы, Дүниежүзілік Универсиаданың жеңімпазы, көптеген аса ірі халықаралық жарыстарда жүлде алған әйгілі спортшы Илья Авербухтың ұйымдастыруымен өткелі отырған «15 жылдың табысы» атты шоуға қатысу.    Алатау баурайында өтетін шоуға Алексей Ягудин, Роман Костомаров, Максим Маринин, Оксана Домнина, Максим Шабалин, Мария Петрова, Алексей Тихонов, Маргарита Дробязко, Повилас Ванагас, Албена Денкова, Максим Ставиский және Элизабет Тұрсынбаева сынды мәнерлеп сырғанау спортының шоқ жұлдыздары қатысады деп күтілуде.