• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қараша, -0001

Шарын шатқалында Park Canyon салынады

1780 рет
көрсетілді

Жобаны қаржыландыру құны 1,5 миллиард теңге.

Алматы облысының аймақтық коммуникация қызметінің хабарлауынша, биылғы жылы Шарын шатқалы аумағында барлық халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа мәдени-ойын-сауық нысанының құрылысы жоспарлануда.

Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділовтың айтуынша, жобаның құны – 1,5 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары үшін 24 га жер телімі бөлінді. Парк қонақтары үшін 80 м биіктікте үш аспалы көпір және 40 орындық қонақ үй салынатын болады. Жоба іске қосылған кезде жыл сайын орта есеппен келушілерге 375 млн теңгеге қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ бюджет жыл сайын 47 млн теңге салық алатын болады деп жоспарлануда.

Өткен жылы ғаламтор қолданушылары арасында Шарын шатқалы туралы дерек іздеушілер саны күрт көбейген. Қазақстанның көрікті жерлері туралы интернеттен ақпарат іздеушілердің TOP-10 тізімінде Алматы облысындағы 5 бірдей нысан аталды. Бұл Google, Яндекс және Youtube арнасындағы іздеу дерекқорына жасалған мониторингтің нәтижесі. Демек Шарын шатқалы жайлы білгісі келетін әлем азаматтарының қатары көп деген сөз. Биылдан бастап Шарын алқабында қызу құрылыс қолға алынбақ. Қазір шатқал аумағында «Park Canyon» серіктестігі әлемдік талапқа сай келетін ойын-сауық паркінің құрылысын бастады. .Жобаның аяқталу мерзімі -2020  жыл.  Жоба бойынша Шарында ұзындығы 200 метр және биіктігі 80 метрге жететін үш аспалы көпір салынуға тиіс. Бұл шатқалдың құз жартасты аумағын жоғарыдан тамашалап, ондағы табиғаттың тұмса бөлігімен танысуға мүмкіндік береді.

«Бұл бюджетке жылына 47 млн теңге табыс әкелетін жоба. Қазір құрылыс жұмыстарын жүргізуге шатқал аумағынан 24 гектар жер телімі бөлінді. Биыл құрылыстың бірінші кезеңі аяқталады, оған 700 млн теңге жұмсалады. 2020 жылы шатқалдағы көпірлер іске қосылады деп үміттенеміз», –  дейді Алматы облысы, Кеген ауданының әкімі Талғат Бәйеділов журналистермен кездескен кезде.  .

Әлемнің арғы жарты бөлігінде аты жалпақ жұртқа мәшһұр осындай бір каньон бар.  Білетіндер Солтүстік Америкадағы Колорадо каньондарының  тура бір үзіліп түскен бөлшегі осы Шарын дейді.  Ал Колорадоны адамдар бертінде байқап, жиі зерттеу жүргізіп, туристердің назарын аударғалы ғасырдан астам уақыт өтті. Шарын шатқалын алғаш көрген орыс геологтары мұндай табиғаттың басқа аймақтарда жоқтығын айтып аузының суы құрыған. Тіпті Колорадоңыздың өзі ауқымы сәл үлкенірек демесеңіз, шарынның қызғылт топырағы, өзгеше ойылымдық өрнектері, табиғи жақпар құздары жанында жіп есе алмайды дейді білетіндер.

Шарын туралы соңғы кездері жиі жазылып, әлемде екі-ақ елде бар каньонның қадір-қасиеті туралы сөз бола бастады. Бұл мекенді көргісі келетін ғалымдар да, туристер де көп. Мемлекеттік дәрежеде көңіл бөліп, осы жерді көргісі келетіндерді ертіп апаратын туристік фирмалар  да көп. . Дегенмен, Америкадағы Гранд-каньон (Колорадо аңғарлары) сияқты мүмкіндіктер жасалмағаны және шындық. Егер Америкадағы сол бір ойлы-шұңқырлы, табиғаты мүлдем бөлек мекен туралы көргіңіз келсе, алдымен ол туралы түсірілген деректі фильмдердің бірталайын ақтарасыз,  бармай тұрып-ақ талай ақпаратқа қанығып аласыз. Зерттеу еңбектер, естеліктер, саяхатшылардың күнделіктері, сондағы аңыздардың желісі бойынша түсірілген көркем фильмдердің өзі бір төбе. Ал Шарынға күніне ары кеткенде мың адамды қабылдауға болады. Және бұл мекен туралы, қалыптасу барысы жөнінде дұрыс ақпараттың жоқтығы қынжылтады. Тек сандық цифрлар ғана бар. Деректі фильмнің өзі некен-аз, оның басым көпшілігі кешегі КСРО кезінде дайындалған киножурналдар.  

 

 

Гүлбаршын САБАЕВА,

«Еqemen Qazaqstan»

 

АЛМАТЫ