• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Наурыз, 2019

СДУ «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Бюросымен серіктестік меморандумына қол қойды

495 рет
көрсетілді

Сулейман Демирел университеті «Астана» Халықаралық қаржы орталығы үздіксіз кәсіби даму Бюросымен серіктестік туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар АХҚО экожүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және қаржы қызметтері нарығы саласының бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында қаржы секторы мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруды көзеп отыр.

Іс-шараға СДУ президенті Мейірбек Мәжитов және үздіксіз кәсіби даму Бюросының атқарушы директоры  Ернұр Рысмағамбетов, сондай-ақ университет Бизнес мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Меморандумға қол қою барысында АХҚО қолдауымен СДУ базасында AIFC BCPD FinLab қаржылық зертханасының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға қатысушыларды құттықтай отырып, СДУ президенті Мейірбек Мәжитов академиялық сектордың индустриямен қарым-қатынасын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

- Маман даярлауда индустрия өкілдерімен, кәсіпорындардың иелері және басшыларымен кері байланыс орнату бұдан былай университеттің қарқынды дамуының маңызды бөлігі болып табылады. Бүгінгі таңда күш-жігерді халықаралық стандарттар әрі жұмыс берушілер мен кәсіби нарық қатысушыларының нақты қажеттіліктері жағына шоғырландыру, сол арқылы халықаралық тәжірибені отандық тәжірибемен ықпалдастыру өте  маңызды. Білім беру саласындағы әлемдік тәжірибе осы үлгінің тиімділігін және университеттің елдің экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық өміріне қатысу қажеттілігін көрсетіп отыр. Осы ретте АХҚО  бізге сенімді серіктес болуы өте маңызды. Бұл зертхана - біздің студенттерге қосымша серпін беріп, қаржы және инвестиция саласында жаңа танымдарды меңгеруге көмектеседі, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі кәсіби маман болып қалыптасуына жол ашады деп сенемін, - деген пікірде СДУ президенті Мейірбек Мәжитов.

Алдағы уақытта тараптар банк қызметі, капитал нарығы, активтерді басқару, қаржы технологиялары және адами капиталды дамыту саласында кадрларды кәсіби даярлау мен біліктілік саласындағы серіктестікті нығайтуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда: қонақ лекциялары, тәжірибе және ақпарат алмасу, өзара қызығушылық тудыратын салаларда жоғары білікті мамандар мен ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау үшін оқыту тренингтерін өткізу, АХҚО мен СДУ базасында екіжақты серіктестер өкілдерін шақыру, кәсіби білім мен құзыреттілікті дамытудың бірлескен орталығын ашу, әлемнің танымал қаржыгерлерінің қатысуымен кездесулер мен ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру. Сонымен қатар бакалавриат және магистратура мамандықтары аясында "FRM", "HRCI", "ERP" және басқа да халықаралық сертификаттау бағыттары бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу жоспарлануда. Осылайша, алдағы уақытта бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқитын СДУ студенттеріне АХҚО базасында кәсіптік, оқу-өндірістік тәжірибелер мен ғылыми-зерттеу тағылымдамалардан өту қамтамасыз етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, үздіксіз кәсіби даму бюросы кадрлық және мансаптық мәселелерде ұзақ мерзімді аралықта қаржы орталығының бәсекелестік артықшылығын құру және қолдау мақсатында Халықаралық қаржы орталығының алғашқы құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып өз жұмысын бастаған. Оның міндеті қаржы нарығының жергілікті мамандарының кадрлық әлеуетін дамыту, халықаралық кәсіби сертификаттауды насихаттау, АХҚО эко-жүйесінде және одан тыс жерлерде одан әрі жұмыс істеу үшін халықаралық деңгейде кәсіби мамандардың кадрлық резервін құру болып табылады.