• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қаржы 30 Наурыз, 2019

Алматылықтардың АҚШ долларына ықыласы ауып тұр

615 рет
көрсетілді

Ұлттық банктің сайты апта басында 2019 жылы ақпан айында қазақстандықтардың 30.8 млрд теңгеге еуро сатып алғанын жариялады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп екен.

Сонымен бірге, Ұлттық банк 2019 жылдың алғашқы екі айында халықтың сандығында қанша қаржы сақтаулы тұрғанын да есептеп қойыпты: 2019 жылдың ақпан айына дейінгі мәлімет бойынша халықтың сандығында жатқан қаржысы 71,8 млн еуро.      Жиған –тергенін еуромен сақтауда алматылықтар ерекше көңіл бөлетін болып шықты : Алғашқы екі айда олар 17.3 млрд теңгеге еуро сатып алған. Бұл халықтың жиған –тергенінің 56 пайызы тек еурода сақаталып тұрғанын айғақтайды: Бұған ұқсас жағдай Маңғыстау, Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қалаларында байқалған.  

Сарапшылар еуроға деген ала-бөтен ықыластың тек 2018 емес, 2014 жылдан бері үйреншікті құбылысқа айнала бастағанын айтып отыр. 2014-2018 жылдарда Қазақстанның айырбас пункттерінде сатылған ЕО елдері валютасы алғашқы екі айдағы деңгеймен салыстырғанда анағұрлым жоғары екен. 2019 жылы ақпан айындағы ЕО валютасы құнының төмендеуі оған деген қызығушылық пен сенімге селкеу түсіре алмапты:  Қаңтар айында еуро –теңге жұбы 431,32 теңге болса, ақпан айында ол 428,47 –ге дейін төмендеп кеткен.    Биылғы жылдың алғашқы екі айында   Ресей рубліне деген сұраныста өзгеріс бар. Түркістан және Қызылорда облыстарында орналасқан айырбас пункттері арқылы 260 млн теңгеге еуро сатылған.  Алматы облысында ақпан айында 350 млн теңгеге   еуро сатылса, қаңтар айында ол 280 млн теңгеге дейін төмендеген.  Ұлттық банк сайтында жарияланған деректер 2019 жылдың алғашқы екі айында  төмендегі 4 облыстың еуроға деген ықыласының ерекше болғанын айтады: Павлодар облысы 2 млрд – 5.3  млрд, Қостанай облысы 1,9 млрд-5,5 млрд, Батыс Қазақстан облысы   3 млрд -7.4 млрд, Шығыс Қазақстан облысы 1,9 млрд -6,7 млрд теңгеге еуро сатып алған.

Сарапшылар қазақстандықтар үшін, бренд валюта АҚШ доллары екенін айтады. 2019 жылдың ақпан айында оңтүстік астанадағы айырбас пункттері арқылы 116,3 млрд теңгеге АҚШ доллары сатылған. Бұл 2018 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 23 пайызға көп екен.  Бей ресми дерек көздер ұсынған мәліметтерге сенсек, ақпан айына дейін алматылықтардың сандық түбіндегі қаржысы 308,57 млн АҚШ доллары екен. Сарапшылардың дені соңғы екі айдағы АҚШ долларына деген сұранысты алматылықтардың оны көптеп сатып алуы көтеріп, ұстап тұрғанын айтады.    

Гүлбаршын САБАЕВА,

 «Еqemen Qazaqstan»

Алматы