• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2019

ШҚО Ұлан ауданында 11 сүт қабылдайтын орын жұмыс істейді

568 рет
көрсетілді

Өскеменнің іргесіндегі Ұлан ауданында соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласында ілгерілеушілік байқалады.

Мәселен, өткен жылы асыл тұқымды малшаруашылығы мен ауылшаруашылық өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға 367 млн. теңге субсидия бөлініпті. Соның нәтижесінде ет өндіру 108%-ға (44,1 мың тонна), сүт – 104%-ға (65,4 мың тонна), жұмыртқа – 107%-ға (25 млн. дана) өсіпті. Ауданда сүт өндіруге де ерекше көңіл бөлініп жатыр. «4 сүт тауарлы фермасының құрылысын бастауды және 1 сүт тауарлы фермасын қайта құруды жоспарлап отырмыз. 2018 жылы «Алихан – Асыл» ЖШС мен «Сартепсен» шаруа қожалығы базасында екі сүт тауарлы фермасы іске қосылды. Бүгінгі күні ферма саны 7-ге жетті, 2020 жылға дейін 9-ға жеткізу жоспарлануда. Жоспарды іске асыру нәтижесінде сүт бағытындағы сиыр басы 700 басқа дейін көбейеді. Ауданда 11 сүт қабылдайтын орын жұмыс істейді. Тұрғындардан 5,7 мың тонна сүт жиналып, аудан бойынша тапсырма 7%-ға артық орындалды», - дейді Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Сонымен қатар 2018 жылы өсімдік шаруашылығында өсімдіктердің өнім көлемі 102%-ға артып, әр гектардан 9,9 центнер дәнді дақыл, 182,1 центнер картоп, 286,4 центнер көкөніс өнімі алыныпты.

 Шығыс Қазақстан облысы, 

                 Ұлан ауданы