Бәсекелер бес қашықтықтан тұрады. Спортшылар өздерінің қалауы бойынша қашықтықты таңдай алады. Барлығы 74 аталым бойынша жүлделер таратылады. Айтулы жарыс Сұлтан Бейбарыс атындағы алаңда басталып, сол жерде аяқталады.
– Жастар саясатын дамыту – мемлекетіміз бен қоғамымыздың бүгінгі таңдағы басым бағыттарының бірі. Жастар – еліміздің болашағы. Ертеңгі күні қандай елде және және қандай қоғамды өмір сүретінімізді дәл сол жастар айқындайды. Ал қандай да салада жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін салуатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану қажет. Сол себепті де біз облыс пен қала жастарын 14 сәуірде өтетін марафонға қатысуға шақырамыз, – дейді Атырау облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ең ұзақ үш қашықтық бойынша өтетін жарысқа қатысу үшін жарна төлеу қажет. Содан түскен қаражат қайырымдылық шараларына жұмсалатын болады. Ал 1,2 және 3 шақырымдық сайысқа қатысу тегін.