7-17 сәуір аралығында Таиландтың бас шаһары – Бангкокта бокстан Азия чемпионаты өтетіні белгілі. Бұл жарыста 10 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынады.
Қазақстан ұлттық құрама командасының бапкерлері айтулы додаға тек өткен жылы ел чемпионы атанған былғары қолғап шеберлерін ғана апаруды ұйғарған екен. Сонымен, Бангкокта мына жерлестеріміз ел намысын қорғайды:
49 кило – Теміртас Жүсіпов 52 кило – Әнуар Мұзаппаров
56 кило – Қайрат Ералиев 60 кило – Зәкір Сафиуллин 64 кило – Санатәлі Төлтаев
69 кило – Абылайхан Жүсіпов
75 кило – Әбілхан Аманқұл
81 кило – Бек Нұрмағанбет
91 кило – Василий Левит
+91 кило – Қамшыбек Қоңқабаев