• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2019

Психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған мектеп-интернат

878 рет
көрсетілді

Атырау облыстық прокуратурасы сөйлеу қабілетінде кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернатта тәрбиешілер тарапынан қол көтеру деректерін анықтаған еді, енді қызметтік тергеу басталды, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтың тапсырмасымен мектеп-интернат басшылығының тарапынан қол көтеру жағдайына байланысты қызметтік іс жүргізетін комиссия құрылды және  қылмыстық қудалау, оның ішінде жұмыстан босату туралы шешім қабылданады.

- Қазір прокуратура қол көтерген тәрбиешілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.Бұл жабайылық  және біз бұған тосқауыл қоюымыз керек, алдымен мектеп-интернаттардың басшылығын тексерген жөн, бұл өз қызметтеріне салғырт қарау. Барлығын тексеріп, қатаң жазалау керек,- деп тапсырды Серік Шапкенов комиссия жиынында.

Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары мүмкіндігі шектеулі балаларды қадағалайтын жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасы басшысының орынбасарына сөгіс жариялауды тапсырды.

- Комиссия құрамына қоғам белсенділері кіреді, осы комиссияға кез- келген мекемені кез-келген уақытта қадағалап, тексеру құқығы берілуі тиіс, ерекше балаларды оқытуды жеке қадағалаған жөн,- дейді Шапкенов. – Сондай-ақ, барлық мектеп-интернаттар сыныптары интернетке қосылып, ата-аналардың, қоғам белсенділері мен тексеруші органға бақылауға мүмкіндік жасалады.

Атырау

Соңғы жаңалықтар