• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Наурыз, 2019

Қырғыз өндірісінің тауарларына қатысты күшейтілген бақылау шаралары қолданылмайды

568 рет
көрсетілді

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде ағымдағы жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы М. Е. Сұлтанғазиевтың және Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің Төрағасы А.М. Онолбековтың жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, екі елдің кедендік статистикасы мәселелерін, сондай-ақ проблемалық мәселелер және одан әрі ынтымақтастықтың преспективаларын талқылады. Тараптар кейбір тауарлар түрі бойынша кеден құнның төмен фактісінің бар болуы туралы атап өтті. Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар, анық емес декларациялауды анықтау, анық құнды қамтамасыз ету және импортталатын тауарлар бойынша ақпаратпен алмасуға бағытталған шараларды күшейтуге келісті. Бұл ретте қырғыз өндірісінің тауарларына қатысты күшейтілген бақылау шаралары қолданылмайтындығы атап өтілді. Жұмыс кездесуі тиісті хаттамаға қол қоюмен аяқталды.