«Борышкер» жедел-профилактикалық шарасында полицейлер айыппұлын төлемегендерді тек жолдың бойынан емес, тұрақты мекенінен де іздестірді. Сонымен қатар, полицейлер көлігіне «Автоураган» орталық жедел басқармасы жүйесіндегі жаңа номер тағып жүреді, оның көмегімен арнайы тұраққа тоқтаған борышкер жүргізушілерді тез тауып алуға болады.
Қостанайда Ресейдің нөмірімен жүрген 2000, Қазақстанның 2800 автокөлігі иесінің қарызын төлемегендігі тіркеулі тұр. «Борышкер» жедел шарасында полицейлер ресейлік 3 автокөлікті ұстап, оларға қарыз боп жамалған тиісті айыппұлын төлетті.
«Үш күнде облыс өңірінде жүргізілген жедел-профилактикалық шарада 9 миллион теңге қарыз жиналды. Жыл басынан бері жүргізушілерге жол-көлік ережесін бұзғаны үшін 228 миллион теңге айыппұл салынған болатын, соның бүгінге дейін 130 миллион теңгесі төленді» дейді Облыстық полиция департаменті Әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Серік Әбдіхалықов.
Қостанай