Қарияны іздестірген жергілікті еріктілермен бірге жүргізген жұмыстың нәтижесінде, оның шекарадан өтіп кеткені белгілі болады. Ресейлік әріптестерінің хабарлауымен Қостанай облысының Денисов ауданындағы Комаров селолық округіндегі учаскелік инспектор Сәбит Бәйтішев Антонина Чепухинаны Комаров селосынан 10 шақырым жердегі «Устрашимое» деп аталатын көл жанындағы сайда адасып жүрген жерінен тауып алды. Қария әбден тоңған, әлі кетіп, дірілдеп тұр екен. Ол шамамен 35 шақырым жер жүрген.
Учаскелік инспектор оны ауылға әкеліп, оған медициналық көмек көрсетілді, тамақ ішіп, жылынып, жанын шақырғандай болды. Полицей қарияның туыстарымен хабарласып, оның табылғанын айтып, «сүйінші» сұрады. Олар полиция қызметкерлеріне алғыстарын айтты. Расында, полицияның жергілікті жердің ой-шұқырын жетік білетін мол тәжірибесі болмағанда, қайғылы оқиғадан құтылмас па еді...
Қостанай