Кен орны өрт құшағына енгеннен бері «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-і «Ақберен» Маңғыстау филиалының 4 жедел-алдын алу жұмысы жөніндегі инженері және 15 құтқарушыдан құралған жедел тобы кезекшілік атқарып, жұмыс істеуде.
Ұңғыма сағасындағы газ-ауа ортасына метанды анықтауға арналған өлшеу теріс нәтиже көрсеткен. Дәл қазір апатты жою жөніндегі жедел штабтың шешімі күтілуде. Ақберендіктер ұңғыма сағасында кезекшілік тәртібімен бөлшектеу жұмыстарын жасауда.
Қаламқас кен орнына «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-і «Ақберен» Маңғыстау филиалының базасынан «Камаз-43118» базасындағы жылжымалы жөндеу шеберханасы, бұранда кесуге арналған станциясы бар гидравликалық құрылғы, қолмен тұрба кескіш, станциясы бар гидравликалық гайкакескіш сынды бірқатар техника мен құрал-саймандар жеткізілді.
Комиссияның шешімімен, өртенген ұңғыманы жоюға дайындық жұмыстарын жүргізу «Ақберен» Маңғыстау филиалының құтқарушыларына тапсырылып, қазір бөлшектеу жұмыстары қызу жүргізілуде.
Маңғыстау облысы