• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2012

Журналистің қазасы

316 рет
көрсетілді

Журналистің қазасы

Сәрсенбі, 11 қаңтар 2012 7:48

Бұл оқиға уақытында республика жұртшылығын дүр сілкіндірген болатын. 2009 жылдың 16 желтоқсан күні еліміздің радио-теледидарларының кешкі жаңалықтары үлкен қайғылы хабарды таратумен басталды. Қырғызстанның азаматы, белгілі және тәуелсіз журналист Г.Павлюктің Алматы қаласының Фурманов көшесіндегі көп қабатты үйдің жоғарыда ор­наласқан пәтердің бірінің терезесінен лақтырылып жіберілген денесі табылды. Алты күн бойы аурухананың жансақтау бөлімінде өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатқан Г.Павлюк 22 желтоқсан күні жантәсілім болды.  Белгілі журналистің қазасына қатысты қыл­­­мыстық іс қозғалып, оны ашуға еліміздің ең таңдаулы деген қызметкерлері жұмылдырылды.

Сәрсенбі, 11 қаңтар 2012 7:48

Бұл оқиға уақытында республика жұртшылығын дүр сілкіндірген болатын. 2009 жылдың 16 желтоқсан күні еліміздің радио-теледидарларының кешкі жаңалықтары үлкен қайғылы хабарды таратумен басталды. Қырғызстанның азаматы, белгілі және тәуелсіз журналист Г.Павлюктің Алматы қаласының Фурманов көшесіндегі көп қабатты үйдің жоғарыда ор­наласқан пәтердің бірінің терезесінен лақтырылып жіберілген денесі табылды. Алты күн бойы аурухананың жансақтау бөлімінде өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатқан Г.Павлюк 22 желтоқсан күні жантәсілім болды.  Белгілі журналистің қазасына қатысты қыл­­­мыстық іс қозғалып, оны ашуға еліміздің ең таңдаулы деген қызметкерлері жұмылдырылды.

Расын айтуымыз керек, осы бір күрмеуі мол қылмыстық істің ашылуына күмәнмен қа­райтындар бар еді. Себебі, бұл қылмыстық істің күрделілігі сонша, басқа елдің азаматының біздің еліміздің мегаполис қаласы Алматыда өлтірілуі еді. Былай қарағанда халықаралық дәрежедегі іс. Әрине, мұндай істің құпиясының да көп болары сөзсіз. Дегенмен, өздеріне жа­у­апкершілік жүктелген қазақстандық із ке­су­шілер аталған істі ашты, оған қатысты қылмыскерлерді құрықтап, істі сотқа жеткізді. Алматы қаласының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты өзінің ашық сот мәжілісінде істі қарап, өткен жылдың 11 қарашасында үкім шығарды. Яғни, қыл­мыстық істің ұйымдастырушысы Қырғыз Республикасының азаматы Исманқұлов Алдаярмен бірге қазақстандық екі азамат – Игіліков Алмаз бен Оразалин Шалқар ұзақ жылға бас бостандықтарынан айырылу жазасына кесілді.Оқиға былай болған еді. Қырғызстандық Алдаяр Исманқұлов  сол елдің ұлттық қауіп­сіздік органына түрлі оперативтік және бас­шылық қызметтер атқарған. 2009 жылдың жел­тоқсанында Алдаяр Исманқұлов тергеу тарапынан анықталмаған кісілерден осы респуб­ликаның азаматы, белгілі және тәуелсіз журналист, қоғам қайраткері Г.Павлюктің көзін жою жөнінде тапсырма алады. Өзіне жүктелген міндетті орындау мақсатында Исманқұлов Павлюкті Қырғыз Республикасынан шығарып, оны ұрлап, ондағы көптеген құпия материалдарды тартып алып, кейін журналисті өлтіруге ұйғарады.2009 жылдың 11 желтоқсанында Исман­құлов Алматыға келіп, «Алматы» қонақ үйіне орналасады. Оның қасында тергеу тарапынан анықталмаған екі адам бірге келеді. Қарау ниетпен келген үшеуі Павлюкті ұрлау операциясына Қазақстан Республикасының азаматтары Ш.Оразалин мен А.Игіліковті тартады. Себебі, аталған екі азаматпен Исманқұловтың бұрын­нан қарым-қатынастары болғаны анықталған. Алдаяр Алматыға келгеннен кейін Оразалинге телефон арқылы хабарласып, кездесуге шақы­рады. Сол жерде оны әлгі анықталмаған екі кісімен кездестіріп, журналисті ұрлау жоспарымен таныстырады. Бірақ, Исманқұлов өздерінің түпкі мақсатын, яғни тиісті ақпараттарды алып болғаннан кейін Павлюкті өлтіретіндіктерін Оразалиннен жасырып қалады. Кейін Оразалин қалта телефон арқылы Игіліковпен хабарласып, кездесуге уағдаласады. Кездесу кезінде ол Игі­ліковке анықталмаған екі адамға көмек беруін сұрап, солардың өтініші бойынша Павлюкке қонақ үйден орын дайындауды тапсырады.Өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру мақ­сатында Исманқұлов Павлюкпен интернет арқылы хабарласа бастайды. Ол өзін «Фонд  развитие СМИ в странах СНГ и ЕС» қорының өкілімін деп таныстырып, осы қордың грантын алуға Алматыға келуге шақырады.  Осы аралықта Павлюкке «Қазақстан» қонақ үйінің 1104 нөмірі де дайындалып қойылады.«Қазақстан» қонақ үйінен орын дайындаған Игіліков Оразалиннің тапсырмасы бойынша Фурманов көшесіндегі №77 үйден пәтер де жалдап қойған болатын. 16 желтоқсан күні түстен кейін ол «Қазақстан» қонақ үйіне келіп, Пав­люкті күтіп алады. Игіліков өзін жоғарыда аталған қордың өкілімін деп таныстырып, журналисті қор жетекшілерінің күтіп отыр­ғанын және ол жерге өзінің ертіп апаратынын айтады. Расын айтқанда, Павлюкті жалданған пәтерге не үшін алып бара жатқанын Игілі­ковтің өзі де білмейді, ол пәтерде қандай жағдай күтіп тұрғанын Павлюк те сезбейді. Себебі, таныстары Исманқұловтың және оның қасындағы анықталмаған екі жолдасының түпкі мақсат­тарын қазақстандық екі азамат та білмейтін еді. Дегенмен, қанды оқиға болды, алты күн бойы өліммен арпалысқан арыстай азамат ауру­хананың жан сақтау бөлімінде о дүниелік болды. Қылмыскерлер тиісті жазаларын алды.Дегенмен, осы қылмыстық іске қатысты сотталған Алмаз Игіліковтің қорғаушысы Б.Оразов өзінің қорғауындағы азаматқа қатысты үкіммен келіспейтінін айтады. «Игіліковке беріліп отырған 10 жыл аса ауыр, аса қатаң деп есептеймін» дейді адвокат өзінің апелляциялық шағымында. Игіліковтің бұрын Семей қалалық психоневрологиялық диспансердің есебінде тұрғаны, екіншіден, Игіліков аталған қылмыс­тық іске басында куәгер ретінде тартылғанын және куәгер бола тұра оны алты ай бойы полиция қызметкерлері қорғауда ұстағанын және осы кезеңде Алмазды тергеу орындарының қысым жасағаны дәлелденген фактілер, дейді Б.Оразов. Сондықтан да Игіліков ұсталған күннен бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қылмысын мойындамай, өзінің адам өліміне қатысы жоқтығын айтып келеді. Сондай-ақ, барлық куәгерлердің және Ш.Оразалиннің көрсеткеніндей, Игілі­ковтің адам ұрлауға қатысу ниеті болмаған. Оның дәлелі ретінде, ол қай жерде болмасын, кіммен кездеспесін өзі туралы мағлұматты беріп, өзінің телефон нөмірін де қалдырып отырған. Осыған қарағанда, Игіліковке тағылған айыпта негіз жоқ, жай болжам ғана.Негізінен алғанда, журналистің қазасына қатысты бұл қылмыстық іске байланысты жұмыс істеген полиция қызметкерлерінің де, прокуратура қызметкерлерінің де, соттың да жұмыстарын нәтижелі деп айтуға болады. Дегенмен, Игіліковтің адвокаты Б.Оразовтың келтіріп отырған дәйектемелері де ескерілуі керек сияқты…Шарафаддин ӘМІРОВ.