• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2010

Баспасөз брифингі өтті

907 рет
көрсетілді

Еліміз аумағында Елбасы жар­лықтарының, заңдардың және өзге де нормативтік-құқықтық акті­лер­дің дәлме-дәл қолданылуын, заң­ды­лықтың бұзылуын анықтау мен күшін жою жөнінде нақты шара­лар қолдануда облыстық про­кура­тура қызметкерлері әрдайым талап тұр­ғысынан көрініп келеді. Осы мақ­сатта облыстық прокуратура­ның жауапты қызметкерлерінің қа­ты­суы­мен “Заңсыз салынған құры­лыс­ты бұзу бойынша сот акті­лерін орындаудың проблемалары” тақы­рыбында баспасөз брифингі өткі­зіліп, оған құқық қорғау, құ­зырлы мекеме өкілдері қатыс­тырылды. Өңірде заңсыз салынған 29 үй тіркелсе, сот орындаушыларының қатысуымен оның 11-інің ғана шешімі табылған. Осы мәселелер бойынша облыстық прокуратура­ның басқарма бастығының мінде­тін атқарушы Р.Бақтаев, облыс прокурорының көмекшісі С.Өксік­баев, тағы басқа сала қызмет­кер­ле­рі сот шешімін дер кезінде орындаудағы кейбір заңнамадағы солқылдақ тұстарды атап айтып, жеке адамдардың заңды құрмет­теуі, білуі қажеттігін алға тартты. Баспасөз брифингінде олар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қойған сұрақтарға да жауап берді. Алматы облысы Күмісжан БАЙЖАН.