Жұма, 27 қаңтар 2012 7:10
Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктің орын алу себептері анықталды. Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың мәлімдеуінше, осыған дейін жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған адамдардың аттары белгілі болып, оларға Қылмыстық кодекстің 241-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Тергеу барысында мемлекет қаржысын талан-таражға салған Жаңаөзен қаласының бұрынғы және қазіргі басшыларының да қылмыстық әрекеттері әшкереленген. Атап айтқанда, қоғамдық қорлар арқылы лауазымды тұлғалар мен қорлардың басшылары қала тұрғындарына қолдау көрсетуге арналған демеушілік қаржыларды қолма-қол ақшаға айналдырып, өз пайдаларына жаратқан екен. Сонымен қатар, тәртіпсіздіктің орын алуына себеп болған жағдайлардың бірі ретінде жекелеген тұлғалардың жұмыстан босатылуы болып отыр.

Осы арада айта кететін бір нәрсе бар. Жаңаөзендегі жағдай Елбасының тікелей назарындағы мәселе. Жаппай тәртіпсіздік орын алған аймаққа Ұлт көшбасшысының өзі барып, мән-жайды көзімен көріп, тұрғындармен ашық әңгімелесуінің өзі осыны айғақтайды.Жаппай тәртіпсіздіктің себеп-салдары толық анықталды дей алмаймыз. Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Жаңаөзендегі жағдайдың әлі де жіті зерттеліп, терең талдау жасалатынын және оны қоғам назарында ұстайтынын айтты. Дегенмен, прокурорлық тексерістердің оң және дұрыс жолда келе жатқанын байқаймыз.Сәбит ЖӘРЕКЕЕВ, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі.Қызылорда.