Биылғы жылдан бастап Түмен өңірінің туристері Бурабай мен Балқаш көлінде демала алады. Қарағанды және ресейлік туроператорлар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт Қазақстан мен Ресей арасындағы XV аймақаралық ынтымақтастық форумы шеңберінде орнатылды. Форум туризмді дамытудағы жаңа тәсілдер мен үрдістерді талқылауға арналды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Балқаш курорттық аймағы – туризмнің өңірлік дамуының негізгі нүктелерінің бірі. Ол республикалық туристік картаның ТОП-10 нысанына енгізілген.
Ішкі және сырттан келу туризмін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жаңа нысандарды салуды, жағажайларды абаттандыруды, коммуникацияларды жүргізуді көздейді. Негізгі нысан ретінде екі демалыс аймағы анықталды — Шұбар-Түбек және Торыңғалық.
Биылғы жылы ұзындығы 360 шақырымды құрайтын төрт жолақты "Қарағанды-Балқаш" автобанының құрылысын бастау жоспарланып отыр.