• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2012

Заңдылыққа сенім мол

281 рет
көрсетілді

Заңдылыққа сенім мол

Жұма, 27 қаңтар 2012 7:13

Жаңаөзен қаласында болған жаппай тәртіпсіздік салдарынан азаматтардың қайтыс болғаны, жарақат алып зардап шеккендері жанымызға қатты батады. Небір заманда өмір сүріп, түрлі жағ­дай­лардың куәсі болған ардагер­лер­дің бәрі де осылай – дейді.Бұза­қылықтың салдарынан біраз адам қиын жағдайға тап болды. Небір әсем ғимараттар қирады. Жазығы жоқ жеке азаматтардың дүние-мүлік­тері талан-таражға түсті. Осы­лар­ды ойлағанда қатты қиналамыз. Осындай сәтте Елбасымыз Нұр­сұлтан Назарбаевтың өзі Ақтауға келіп, Жаңаөзендегі жағдайды өз көзімен көрді.

Жұма, 27 қаңтар 2012 7:13

Жаңаөзен қаласында болған жаппай тәртіпсіздік салдарынан азаматтардың қайтыс болғаны, жарақат алып зардап шеккендері жанымызға қатты батады. Небір заманда өмір сүріп, түрлі жағ­дай­лардың куәсі болған ардагер­лер­дің бәрі де осылай – дейді.Бұза­қылықтың салдарынан біраз адам қиын жағдайға тап болды. Небір әсем ғимараттар қирады. Жазығы жоқ жеке азаматтардың дүние-мүлік­тері талан-таражға түсті. Осы­лар­ды ойлағанда қатты қиналамыз. Осындай сәтте Елбасымыз Нұр­сұлтан Назарбаевтың өзі Ақтауға келіп, Жаңаөзендегі жағдайды өз көзімен көрді. Халықпен кездесіп, көңіл айтып, сол жерде тиісті орындарға жедел түрде тап­сыр­малар беруі көңілімізден шықты. Сол сәтте Ішкі істер министрі бастаған жедел тергеу тобы құ­рылып, іске кірісті. Кеше елі­міз­дің Бас Прокуроры сол оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Онда сол күнгі тәртіпсіздікті ұйым­дастырушылар және оған белсене қатысушылардың үсті­нен қылмыстық іс қозғалып, олар­дың жауапкершілікке тар­тыл­ғандықтары айтылды. Яғни, кінәлі адамдар Заң бойынша жазаға тартылады. Ата Заңымыз баршаға бірдей екені белгілі. Заң әр уақытта да елдің тыныштығы, азаматтардың қауіпсіздігі мен өмірін қорғау үшін қолданылады. Біздің әділ Заңымыз ақ-қараны айырып, халқымыздың келешектегі тыныш өміріне игі ықпал етсе екен деп армандаймыз.

Жастарымыз алдағы уақытта жеке топтардың жетегінде кетпей, арандатуға бармай әр ісін ақыл­мен таразыға салып, ой елегінен өткізіп отырса елге де, өздеріне де пайдалы болатындығын айт­қым келеді. «Аққа – құдай жақ» демекші жазықсыздар ақталар, ал енді кінәлі адамдар тек қана әділ заң арқылы тиісті жазасын алатын шығар деген ойдамын. Сонда ғана ел тыныш, азамат­тарымыз аман болатынына күмән жоқ. Біздің арман-тілегіміз осы.Жаздырхан СЕЙДАЛИЕВ, Ақтау қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері.Маңғыстау облысы.