• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Сәуір, 2019

Е.Біртанов: Бірқатар өңірде медициналық техникамен қамту деңгейі төмен

497 рет
көрсетілді

Алғашқы медициналық көмек қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ұйымдарды ірілендіру жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

«Соңғы 2 жылда 214 жаңа объект пайдалануға берілді, оның 31% пайызы жеке инвестиция қаражатынан салынды. Алғашқы медициналық көмек ғимараттарының тозу деңгейі 9 өңірде республикалық көрсеткіштен жоғары (54,3%) және бірқатар өңірде медициналық техникамен қамту деңгейі төмен» деді ол.

Сондай-ақ министр 846 ауылдық елді мекенде медициналық объекттің жоқ екенін атап өтті.

«Ақмола облысында ғимараттардың тозу деңгейі 80% пайыздан жоғары болғанымен, соңғы екі жылда тек 3 жаңа объект іске қосылды; Шығыс Қазақстан облысында тозу деңгейі 70%-дан жоғары болғанымен тек қана 1 жаңа объект салынды» деді Е.Біртанов.