«2018 жылдың қорытындысы бойынша компьютерлік техникамен жабдықтау 95% құрады, қалалар мен аудан орталықтарында интернет желісі мен медициналық ақпараттық жүйені енгізу 100%-ды құрады», дейді министр Е. Біртанов.
Министрдің айтуынша, аудандық деңгейден төмен елді мекендердің денсаулық сақтау объектілерінде интернет жоқ. Мысалы, Қарағанды (32%), Солтүстік Қазақстан (33%), Түркістан (35%) және Шығыс Қазақстан (35%) облыстарында интернетпен қамту 40%-дан төмен.
«Өкінішке орай, көптеген өңірлерде ауылдық денсаулық сақтау объектілерін цифрландыру жеткіліксіз, формальді түрде жүргізілуде. Елбасының тапсырмасын уақтылы орындау мақсатында ағымдағы жылдың соңына дейін барлық денсаулық сақтау объектілерінде жұмысты қағазсыз форматта жүргізуге назар аударулараңызды сұраймын», деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.