• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2012

Жазықсыздар жапа шекпейтініне күмән жоқ

278 рет
көрсетілді

Жазықсыздар жапа шекпейтініне күмән жоқ

Жұма, 27 қаңтар 2012 7:16

Менің еңбек және өмір жолым Жаңаөзен қала­сымен тығыз байланысты. Сон­дықтан болар, осы қала­ның өсіп-өркендеуінің бәрі де көз алдымда. Айтары жоқ, халқы көбейіп, сәнді құрылыстар сап түзеп келеді. Әттең, өткен жылғы желтоқсандағы оқиға көңілімізге қаяу түсірді. Қиын жағдайлар қалыптасты. Осындай сәтте тәу­елсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаламызға келіп, мән-жайды көзі­мен көруі, қарапайым адамдармен әңгімелесуі үлкен қолдау мен ерекше көмек болды. Елбасы тап­сырмасына орай қаладағы бү­лінген нысандар да қалпына келтірілуде, тұрғын­дар­ды азық-тү­лік­пен, отын-су­мен, жылумен қам­­туда кемшіліктер кездескен жоқ.

Жұма, 27 қаңтар 2012 7:16

Менің еңбек және өмір жолым Жаңаөзен қала­сымен тығыз байланысты. Сон­дықтан болар, осы қала­ның өсіп-өркендеуінің бәрі де көз алдымда. Айтары жоқ, халқы көбейіп, сәнді құрылыстар сап түзеп келеді. Әттең, өткен жылғы желтоқсандағы оқиға көңілімізге қаяу түсірді. Қиын жағдайлар қалыптасты. Осындай сәтте тәу­елсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаламызға келіп, мән-жайды көзі­мен көруі, қарапайым адамдармен әңгімелесуі үлкен қолдау мен ерекше көмек болды. Елбасы тап­сырмасына орай қаладағы бү­лінген нысандар да қалпына келтірілуде, тұрғын­дар­ды азық-тү­лік­пен, отын-су­мен, жылумен қам­­туда кемшіліктер кездескен жоқ. Жағдайды зер­делеу үшін Үкіметтік комиссия, ІІМ жедел тер­геу тобы ты­ным­сыз жұмыс істеді. Сондай-ақ Елбасы тапсыр­ма­сына орай қоғамдық комиссия құрылды. Мен оның Жаңа­өзен­дегі қабылдау орталығын басқар­дым. Аймаққа белгілі, абыройлы азаматтарымыз да ел тыныштығы, азаматтардың аманшылығы үшін бірлесе жұмыс жасадық. Қабыл­дауға келгендердің талап-тілегі аяқсыз қалмады. Соған орай тиісті шешімдер қабылдадық. Ал кеше республикамыздың бас про­ку­рорының мәлімдемесін тың­да­дық. Біраз адамдардың үстінен қыл­мыстық іс қозғалыпты. Тексеру әлі де жүріп жатыр. Барша­мыз­дың да тілегіміз, халыққа керегі әділ шешім. Өйткені өмір тол­қыны жалғасып жатыр. Елба­сы тапсырмасына орай жаңа кәсіпорындар ашылды. Қаланы өркендетудің жоспары қабыл­дану­да. Яғни, Жаңаөзен хал­қы­ның алдағы күндері нұрлы, шуақты, тыныш болады – деген сөз. Ата Заңымыздың талабының өзі тыныштық, азаматтар құқы­ғын қорғауды қамтамасыз ету. Сондықтан да Заң орындарының шешімдерін қала тұрғындары түсіністікпен қабылдап байсал­ды­лық пен парасаттылық таныта біледі. Сондай-ақ бұл қиын да, күрделі істің біраз адамға ащы сабақ екендігін де естен шығар­мағандығымыз жөн. Ең негізгісі жан-жақты, терең зерттелудегі оқиғаға әділ баға беріледі. Кінәсі барлар ғана өз жазасын алып, жазығы жоқ адамдар жапа шекпейді деп ойлаймыз. Және де солай болып та жатыр. Күні бүгін жазықсыз деп табылған азамат уақытша қамаудан босатылды.

Асылбек АЙДАРОВ, Жаңаөзен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық қоғамдық комиссияның  қаладағы қабылдау орталығының төрағасы.Жаңаөзен.