• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Саясат 02 Сәуір, 2019

Тұңғыш Президент – Елбасы Қарасай ауданының дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барды

518 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданы, Шамалған кентіндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешені құрылысының жүргізілу барысымен танысты. Нысанды салу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мұнда бокс және тренажер залдары, күрес үйірмесі, жүзу бассейні, теннис корты және басқа да спорттық инфрақұрылымдар жұмыс істейтін болады.

Аудандағы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешеннің құрылысы Елбасының тікелей қолдауымен және оның жеке қаражатына салынуда.