• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2019

ШҚО Бесқарағай ауданында 3 үй мен 59 үйдің ауласы су астында қалып отыр

697 рет
көрсетілді

Былтыр осы уақытта өңірдің Аягөз, Глубокое, Шемонаиха, Алтай аудандары мен Өскемен, Семей қалалары тасқын сумен арпалысып еді.

Биыл міне бірнеше күннен бері Бесқарағай ауданы тұрғындары тілсіз жаумен күресуде. 1 сәуірде аудан орталығы – Бесқарағай ауылында 80-ге жуық үйдің ауласына су кіргені, тіпті бір үйдің қабырғасы қақырап, құлап қалғаны жайында айтылған-ды. 

Бүгін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Бесқарағай ауылында 3 үй мен 59 үйдің ауласы су астында қалып отырғанын, су басқан баспаналардан 7 адам қауіпсіз жерге көшірілгенін, аудан орталығындағы колледжде, орта мектеп пен балабақшада 250 адамды қабылдауға қауқарлы эвакуациялық бекеттер ашылғанын хабарлады. «Куликовское көлінен суды бұру үшін ауыл арасындағы жолдан  ұзындығы 15 метр, тереңдігі 30 см болатын ор қазылды. 

Мұнда су деңгейі тұрақтанды. Алайда, енді ағын су Қамыш көліне құйып жатыр. Суды сағатына 500 текше метрге дейін соруға қабілетті 2 сорғыш мотор-сорғы орнатылды. Жалпы алғанда 156 мың текше метрден астам су сорылды. 

Жергілікті атқарушы органдардан тиегіш, КамАЗ және экскаваторлар жұмылдырылды», - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Александр Ломыгин.

Шығыс Қазақстан облысы,

Бесқарағай ауданы