Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов: «Теңіз жағалауы мен су айдындарында, Жайық, Қиғаш өзендерінің ағындарында, жалпы броконьерлік деректер болуы ықтимал жерлерде шоғырланған стационарлық, мобильді бөлімшелер мен жылжымалы жолдар тобы ұйымдастырылды. Науқан барысында 16 бекет қойылып, 500-ден астам адам қызмет етеді»,- дейді.
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін науқан 31 мамырға дейін жалғасады. Жайық-Каспий бассейнінде бағалы бекіре балықтардың түрлерін сақтауға бағытталған шара аясында жыл сайын жүздеген заң бұзушылық деректері анықталып, шара қолданылады.
АТЫРАУ