• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2012

Жалған келісім, негізсіз төленген қаржы

301 рет
көрсетілді

Жалған келісім, негізсіз төленген қаржы

Бейсенбі, 2 ақпан 2012 7:25

“Батыс Еуропа – Батыс Қы­тай” автомагистралі Қазақстан үшін орасан пайдасы бар ғасырлық жоба болғанымен, кейбір пысы­қайлардың екі жеп биге шығуы­на жарайтын майлы сүбе болып тұр. Талайлар жол шетіндегі итар­қасын алтын кірпіштен сал­ғандай бұлдап, битін бір төгіп қалды. Онысы жөн-ау, бірақ, жол шетінен қиыс жатса да ақшаның иісіне шыдай алмай жалған келісім-шарт түзіп, аяқ астынан олжалы болып жатқандар да бар. Облыс прокуратурасы авто­ма­гис­­тральға қатысты жерлерді сатып алу мен бөлу заңдылығына тексеру жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде қисынға келмейтін келісімдер, қолды болған мемлекет қаржылары су бетіне қалқып шыға бастады.

Тексеру барысында «Мұнай Инвестмент групп» АҚ-тың мен­­шігіндегі 0,10 га жер телімі автомобиль жол құрылысының үсті­­не түспейтін болса да не­гізсіз ҚР Автомобиль жолдары коми­те­тінің ОҚО департамен­ті­мен келісім-шарт түзіліп, 12 622 000 теңге төленгені анық­талған.Сонымен қатар, тексеру бары­сында азамат О.Әуелбековке де «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлі­зі­нің автомобиль жол құрылы­сы­ның үстінен түспеген жер учас­кесі үшін 1 172 000 теңге келісім-шарт түзіліп, өтемақы аударылып берілгені көрініп қалды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша мемлекет қаржысын қай­тару мақсатында Түркістан қа­лалық соты мен ОҚО аудан­ара­лық мамандандырылған эко­но­микалық сотына талап-арыздар берілген болатын. Түркістан қалалық сотының шешімімен қала прокуратурасының азамат О.Әуелбековтен мемлекет пайдасына 1 172 000 теңгені өндіру туралы талап-арызы толығымен қанағаттандырылды.Ал ОҚО ауданаралық ма­ман­дандырылған экономикалық со­тының шешімімен Түркістан қаласы прокурорының талап- ары­зы ішінара қанағаттан­ды­ры­лып, Қазақстан Республикасы Кө­лік және коммуникация ми­­нистр­лігі автомобиль жолдары комитетінің ОҚО департаменті мен «Мұнай Инвестмент групп» АҚ арасындағы 14.10.2009ж. №1 санды 0,10 га жер учаскесі мен жанар-жағармай құю ғимараты үшін өтемақы төлеу туралы тү­зіл­ген келісім-шарт жарамсыз деп бұзылды. «Мұнай Инвестмент групп» АҚ-тан мемлекет пайдасына 12 622 000 теңге өнді­ріліп, талап-арыздың «Табыс-Оценка» ЖШС-нің «Мұнай Инвестмент групп» АҚ-тың меншігінде болған жанар-жағар- май құю бекетінің құнын баға­лау туралы есебі жарамсыз деп танылды. Әрине, бармақ басты, көз қыстымен қыртысты сүбе­ден молырақ асаған “Мұнай Инвестмент групп” АҚ сот ше­шіміне наразы болып, апелля­циялық шағым түсірген. Де­ген­дері болмады. Облыстық сот­тың апелля­ция­лық сот алқасы сот шешімін өзгеріссіз қалды­рып, ол күшіне енді.Осылайша, мемлекет қаржы­сын Қарынбайдың малындай кө­ріп, оңайдан олжа таппақ бол­ған­­дар­­­дың ойлағаны жүзеге аспай қалды.Бақтияр ТАЙЖАН.Оңтүстік Қазақстан облысы.