• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2012

Төрағалық барысы жоғары бағаланды

254 рет
көрсетілді

Төрағалық барысы жоғары бағаланды

Сенбі, 4 ақпан 2012 7:21

Жақында Ислам Ынты­мақ­тастығы Ұйымы (ИЫҰ) Бас хатшылығының шақы­руы­мен Адам құқығы жөн­ін­дегі уәкіл Асқар Шәкіровтің осы ұйымның Жидда қала­сындағы (Сауд Арабиясы Ко­рольдігі) штаб-пәтеріне са­пары болды, деп хабарлады Қазақстан Республи­касы­нд­а­ғы Адам құқықтары жөнін­дегі уәкіл аппаратының бас­пасөз қызметі.

А.Шәкіров сапар  аясында ИЫҰ Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлымен  және құрылуы туралы шешім Астана қаласында өткен  ИЫҰ Сыртқы істер ми­нистрлері кеңесінің 38-ші  сессиясында қабылданған ИЫҰ  Адам құқықтары жөніндегі Тұрақты тәуелсіз комиссия хатшылы­ғы­ның бас директоры  Хемают Уддинмен кездесті.ИЫҰ өкілдері қазақстандық омбудсменнің адам құқықтарын қамтамасыз ету, соның ішінде  заңнамалық базаны және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру, үкіметтік емес және халық­ара­­лық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ  адам құқық­та­ры саласындағы  халықаралық нормалар мен стандарттарды ұлт­­­тық заңнамаға енгізу бағы­тын­дағы қызметімен танысты.Әңгіме барысында құқықтық қорғау мәселелері бойынша же­місті және қызғылықты пікір алмасу болып, ұлттық құқық қорғау институты мен ИЫҰ жүйесінің жоғарыда аталған комиссиясымен барынша тығыз байланыс орнату туралы  келісімдерге  қол жеткізілді.ИЫҰ басшылығы Ұйымның Сыртқы істер министрлері ке­ңе­сін­де Қазақстанның ағымдағы төр­ағалығын жоғары бағалады.