• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Сәуір, 2019

Ақтауда аутизммен ауыратын балаларға арналған акция өтті

650 рет
көрсетілді

Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдениет сарайында халыққа аутизм проблемасы туралы хабарлау, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға және түсінуге тарту мақсатында осы дертке шалдыққан перзенті бар ата-аналар акция өткізді.

«Арда-Ақтау» қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен өткен шараға жүзден астам отбасы қатысты. Бұл акция соңғы үш жылда облыс көлемінде өтіп келеді. Акция барысында дертке шалдыққан балалардың ата-анасына қаржылай қолдау көрсетіледі. Бүгін де осы үрдіс жалғасын тауып, ерекше балалар өнер көрсетті.

Бүкіл әлемде аутизм сырқатына шалдыққан 67 000 000 аса адам тұрса, әлемдегі әр 42-ші ер бала мен 189-шы қыз бала аутизмнің спектрінде тұр. Ал ресми емес деректерге сүйенсек Маңғыстау облысында бір мыңнан астам бала түрлі деңгейдегі аутизм дертіне шалдыққан.

-Бүгінгі шара қоғамдық бірлестік пен ата-аналар мен балалардың бірігіп жасаған жұмысының нәтижесі болып табылады. «Аутизм» диагнозы бар адамдардың тағдыры бізге бей-жай емес! Даму ерекшеліктері, я болмаса басқа факторларға қарамастан, біз үшін барлығы маңызды. Қоғамдық бірлестік биыл міне үшінші жыл өзінің жұмысын жалғастырып келеді. Маңғыстау облысы бойынша мұндай бала тәрбиелеп отырғандар өте көп. Бүгін солардың тек қана жүзден астамы жиналды. Келешекте осындай балаларды оңалтуға арналған бір орталық ашылады деп күтіп отырмыз, дейді ұйымдастырушылар.

Шараны ұйымдастырушылар көпшілікті аутизм дертіне шалдыққан жандардан теріс айналмай, оларды қоғамға бейімдеудің маңыздылығын түсіндірді. Ата-аналармен пікір алмасып, перзентімен бірге ойындар ойнауға шақырды. Ерікті жастар әзірлеген көңілді бағдарлама балалардың көңілін көтерді. Дәстүрлі акция соңы флешмобқа ұласты.

Маңғыстау облысы