• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2019

Қызылорда облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

536 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Намаев Бақытжан Біләлұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Б. Намаев 1964 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Саяси экономика» мамандығы бойынша, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларды жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтының Алматы филиалы жалпытехникалық факультетінің ассистенті болып бастаған. Әр жылдары жеке сектор мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жүйесінде жауапты басшылық лауазымдарда және «Батум мұнай терминалы» компаниясының бас директоры лауазымын атқарған.

2018 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар