
Келушілер назарына ұсынылған кескіндеме, графика, мүсіндер алуан түрлі тақырыпты қамтыған. Дәстүрлі емес техникамен қатар сурет салудың академиялық тәсілдері де қолданылған экспонаттардың басым бөлігі туған өлке табиғатының сұлулығын, еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрінің озық үлгілерін көрсетуге тырысқан.
Жергілікті балалар өнер мектебінің директоры Зәуреш Кожухованың айтуынша, мұндай көрмелер Саран қаласында жиі өткізіліп тұрады екен. «Желтоқсан айында Саран 65 жасқа толады, ал біздің мектеп өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтпекші. Қазіргі таңда мектебімізде 950 бала оқиды. Біз бұл көрмені сүйікті қаламыз бен мектебіміздің мерейтойына арнаймыз», дейді ол.
Көрмені ұйымдастырушылар ұсынылған шығармалардың қазіргі заманғы дүниетанымды қалыптастыру, көлемдік-кеңістіктік және абстрактілі ойлауды дамыту, өскелең ұрпақтың көркемдік талғамын тәрбиелеу ісінде таптырмас құрал екеніне ерекше мән берді.
ҚАРАҒАНДЫ