• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2019

Қарағанды облысында әлеуетті ауылдарды дамыту көзделіп отыр

680 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Ерлан Қошанов Абай ауданының Құрма ауылына жұмыс сапарымен барып қайтты. Қазір онда бір жарым мыңнан астам адам тұрады. Елді мекен әлеуетті ауылдар қатарына кіреді.

Өңір басшысы Құрма тірек мектебіне барып, оқу орнының жұмысымен танысты. 2016 жылы мектеп жаңа ғимаратқа көшкен болатын. Оқу ордасы 320 орынға есептелген. Енді мұнда заманауи кітапхана, лингафон залы, тіпті робототехника кабинеті де бар. Сонымен қатар мектеп базасында 50 балаға арналған шағын орталық ашылды. 

Елді мекендегі ең ірі кәсіпорын - құс фабрикасы. Құрма ауылы республикалық трассаның бойында орналасқан, бұл ауылда бизнестің дамуына зор ықпалын тигізуде. Бүгінгі таңда мұнда 35 жуық нысан бар.

Өңір басшысына мұнда ең әлеуетті кәсіпкерлік тауаша – қызмет көрсету саласы екені айтылды. 

- Дәл осы бағытты дамыту керек, - деді Ерлан Қошанов.

Аймақ басшысы апатты жағдайдағы ескі мектеп ғимаратын да қарап шықты. Алдағы уақытта ғимарат қалпына келтірілмек. 

Өңір басшысы сонымен қатар отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға да барып қайтты. Емделушілерді 2016 жылы салынған ғимаратта қабылдайды.

Бүгінде мұнда 600-ге жуық ауыл тұрғыны медициналық көмек алады. 

Құрма ауылы 1962 жылы құрылды. Бүгінгі күні бұл ауыл әлеуетті елді мекендердің бірі болып табылады. Осы секілді ауылдарды Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша өсу нүктелеріне айналдыру қажет. 

Қарағанды облысының әкімі осындай елді мекендерді дамыту жұмыстарын барынша жандандыруды тапсырды.