• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2012

Білікті маман – іс шешімі

573 рет
көрсетілді

Білікті маман – іс шешімі

Сейсенбі, 7 ақпан 2012 8:16

Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Президент  Н.Назарбаев Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы кешенді бағ­дарлама әзір­леуді тапсырды. Елімізде сыбайлас жем­қор­лықпен күресті мамандандырылған мемлекет­тік орган Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес агенттігі жүргізеді. Ал бұл салаға мамандар даярлауды 1999 жылы құрылған Қаржы полициясы акаде­мия­сы жүзеге асырады.Міне, осы орайда біз Қаржы полициясы ака­демиясының бастығы генерал-майор Р.ЫБЫ­­­РАЙЫМОВҚА жолығып сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы күрес жүргізуге және эко­но­ми­ка­лық қауіпсіздікті сақтауға дайындайтын атал­ған оқу орны тыңдаушыларын даярлау мәсе­лелері туралы әңгімелескен едік.

Сейсенбі, 7 ақпан 2012 8:16

Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Президент  Н.Назарбаев Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы кешенді бағ­дарлама әзір­леуді тапсырды. Елімізде сыбайлас жем­қор­лықпен күресті мамандандырылған мемлекет­тік орган Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес агенттігі жүргізеді. Ал бұл салаға мамандар даярлауды 1999 жылы құрылған Қаржы полициясы акаде­мия­сы жүзеге асырады.Міне, осы орайда біз Қаржы полициясы ака­демиясының бастығы генерал-майор Р.ЫБЫ­­­РАЙЫМОВҚА жолығып сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы күрес жүргізуге және эко­но­ми­ка­лық қауіпсіздікті сақтауға дайындайтын атал­ған оқу орны тыңдаушыларын даярлау мәсе­лелері туралы әңгімелескен едік.

– Рүстем Әнуарұлы, сыбайлас жемқорлық деген дерт қоғамның жегі құрты екені баршамызға мәлім. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес шараларының жүйесі жеткілікті және тиімді ме? Сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша келтірілген материалдық шығындар миллиондаған теңгені құрайтыны белгілі. Бұл орайда қандай шаралар қолға алынуда?– Мемлекет басшысының бастамасы бойынша біз посткеңестік кезеңде ал­ғашқы болып «Сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы күрес туралы» Заң қа­был­дадық. Соған орай Сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы заңды жетілдіру, мемлекеттік басқару функцияларын нақтылау және оңтайландыру, мемле­кет­тік аппарат жұ­мысының сапасын жақсарту, сыбайлас жемқорлық факті­лерін анықтау және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес жү­йесін жетілдіру, қаржылық-экономи­ка­лық салада сыбайлас жемқорлықты болдырмау, мем­лекеттік тексеріс жүйе­сін оңтайлан­ды­ру және оның айқын­дылығын қам­та­масыз ету, шағын және орта бизнеске заңсыз араласудан қор­ғау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қар­сы төзбеу­шілікті қалыптастыру бойынша тұрақ­ты негізде шаралар қабылданады.Ауқымды алдын-алу және ескерту жұмыстары да атқарылуда. Мәселені «Электронды үкімет» бағдарлама­сын енгізу арқылы халыққа әлеумет­тік ма­ңыз­ды мемлекеттік қызмет көр­сетулер ұсынылды, халықтың рұқсат беру құ­жаттарын электронды немесе халыққа қызмет көрсету орталық­тары­нан алуына кедергілер жойылды.Сөйтіп, сыбайлас жемқорлық санатына жатқызылатын қылмыстардың нақ­ты тізбесі анықталып, оны жасаған адамға қатаң қылмыстық жауапкер­ші­лік белгіленеді. Осы бағытта жүр­гі­зіліп жатқан жұмыстың арқасында қазіргі уақытта Қазақстан ТМД ел­дері­нің арасында сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы күрес деңгейі бойынша көшбасшылар қатарында десек артық айтқандық емес.Демек, біз Мемлекет басшының Жол­дауы аясында алға қойылған мін­деттерді тиісті деңгейде атқара алатын мамандарды даярлау үшін көп жұмыс атқаруымыз қажет.– Қаржы полициясы акаде­мия­сының алдына қандай міндеттер қойылып отыр. Тыңдаушылар қан­дай мамандықтар бойынша оқы­ты­лады, қазіргі күні Академияны қанша маман бітіріп шықты?– Академия оқу және тәрбие ісін Мемлекет басшысының қаржы полициясы органдарының алдына қойған міндеттеріне сәйкес қалыптастырады.Қаржы полициясы мен кеден ор­ган­дарының кадрлық құрамын жет­кілікті теориялық және практикалық дағды­лар­ды игерген қызметкерлермен толық­тыру Академияның негізгі мін­деті болып табылады.Күндізгі оқыту нысаны бойынша бакалавриат, магистратура және PhD докторантура шеңберінде «Заңтану», «Құ­қық қорғау қызметі» және «Кеден ісі» мамандықтары бойынша даярлық жүзе­ге асырылады. Жыл сайын Ака­демияға 120 тыңдаушы қабылданады. Оның ішінде 80-қаржы полициясы органдары үшін, 40-кеден органдары үшін.Академия азаматтық емес жоғары оқу орындарының ішінде алғашқы болып кредиттік оқу жүйесін енгізді. Күн­дізгі оқыту бөлімінің тыңдау­шы­лары бакалавриаттың үш мамандығы – заңтану, құқық қорғау қызметі және кеден ісі мамандықтары бойынша білім алады. Жоғары оқу орнында 12 жыл­дың ішінде 1754 жоғары білікті маман даярланды, оның ішінде күн­дізгі оқыту нысаны бойынша – 1030 тыңдаушы, сырттай оқыту бойынша 724 тыңдау­шы даярланды, олардың ішіндегі 1105 түлек қаржы полициясы органдарына жі­беріл­ді, ол қаржы полициясы органдары жеке құрамының үштен бір бөлі­гін құрайды, кеден және басқа мем­ле­кет­тік органдарына 639 түлек жіберілді.– Жоғары білікті мамандар даярлауда ғылыми-зерттеу жұмысы қан­дай рөл атқарады?– Қазіргі уақытта базалық педа­го­ги­калық білім беру стандарттарын, мектептер мен жоғары оқу орындары оқыту­шы­ларының біліктілігін арттыру бойынша қойылатын талаптарды кү­шей­ту ар­қы­лы педагогикалық құрам­ның сапасын арттыру, педагогикалық қызметте ақпа­рат­тық тех­нологиялар қол­дану өте маңызды.Академия басшылығының студент­тік ғылымға және шығармашылыққа зейін қойып қарауы әртүрлі ғылыми-практикалық конференцияларға тың­дау­­шылардың қатысуының сандық және сапалық деңгейін арттыруда.Профессорлық-оқытушылық құрам мен тыңдаушылардың «Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қар­жы полициясы мен кеден қызметі орган­дарының рөлі» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы Академияның ғылыми-зерттеу жұмысында маңызды бағыт болып табылады. Сондай-ақ, про­фес­сорлық-оқытушылық құрамның ғылыми әлеуеті тұрақты түрде жетіл­ді­ріліп отырады. Бұл жерде бірнеше ғылым докторлары мен кандидаттар жұмыс істейді.Ғылыми-зерттеу қызметінің прак­тика­лық бағыты қаржы полициясы органдары үшін әртүрлі ұсыныстар даярлаумен көрініс табады: Академия бө­лім­шелерді бұрын қозғал­ма­ған қылмыс­тық істер бойынша экономикалық қыл­мыс­тар­ды анықтау, ашу және ашу мүм­кін­дігін беретін әдістемелік ұсыныс­тар­мен қамтамасыз етеді. Бұл жерде мемлекетке елеулі залал келтіретін күрделі, қиын анықталатын экономикалық қыл­мыс­тар­ды ашу және тергеу бойынша әдіс­темелік ұсыныстар әзірленеді. Ака­де­мияның про­фессорлық-оқыту­шы­лық құ­рамы алпыстан астам әдісте­ме­лік ұсы­ныстар әзір­ле­ді, олар аумақтық органдарға жіберілді.– Тыңдаушыларды адамгершілік және дене шынықтыру жағынан тәр­биелеу үшін қандай іс-шаралар өткізіледі?– Мемлекет басшысы Жолдауында барлық оқу орындарындағы жастар патриотизм, мораль мен парасаттылық нор­малары, ұлтаралық келісім мен то­ле­ранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынсұнушылық сияқ­ты құнды­лық­тарды сіңіруі тиіс деп атап өтті.Бұл бағытта бірқатар шаралар кеше­ні өткізілуде. Қаржы полициясы акаде­миясының тыңдаушылары үшін «Қар­жы полициясы органдары қызмет­кер­лері тәртібі мәдениетінің негіздері» атты оқу құралы және бірінші курс тыңдаушыларының бейімделуі бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленді.Академия тыңдаушылары мәдени іс-шараларға белсенді қатысады, драма және би үйірмелерінің, хордың, жұмы­сы ұйымдастырылған.Академияның мәжіліс залында кә­сі­би кинотеатр орналастырылған, оның көмегімен тыңдаушылардың пат­риот­тық және кәсіби тәрбиеленуіне ба­ғыт­тал­ған көркем фильмдер көр­сетіледі.Сондай-ақ, Академияда қоян-қол­тық күрес, атлетикалық гимнастика, футбол, баскетбол, волейбол, шаңғы спорты және Қысқы Президенттік көп сатылы жарыс, жеңіл атлетика және жазғы Президенттік көп сатылы жарыс, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат секілді спорт секциялары жұмыс істейді.– Тыңдаушыларды жатақханамен қамтамасыз ету және Академияның техникалық базасын нығайту бойынша қандай шаралар қабылдануда?– Академияның техникалық базасын нығайту және тыңдаушылардың жағ­дайын жақсарту бойынша елеулі жұ­мыстар жүргізілуде. Бірқатар ғимарат­тар­ға күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, курсант қыздардың тұрғын үй корпусына, кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультетінің ғимаратына, оқу және шаруашылық корпустар күрделі жөндеуден өтті.Оқу бағдарламаларын іске асыру үшін Академия оқу-криминалис­тика­лық және оқу-кедендік полигондарды пайдаланады.– Қаржы полициясы академиясына оқуға түсуді қалайтын қабілетті жас­тардың көп екені белгілі. Оларға көмек ретінде қаржы полициясына оқу­ға түсу ережесі туралы да айтсаңыз.– Әрине, баршаға бірдей мұндай ереже бар. Мысалы, күндізгі оқу бөліміне жасы он алтыға толған, орта білімі бар, қаржы полициясы мен кеден қызметі орган­дары­ның талаптарына жауап бе­ре­тін ден­саулық жағдайы бойынша қызметке және оқуға жарамды адамдар қабылданады.Академия тыңдаушыларының жалпы контингентін қалыптастыру кадрларды даярлаудың аумақтық қағида­тын есепке ала отырып мемлекеттік тап­сырысқа сәйкес жүзеге асырылады. Оқуға кандидаттарды іріктеуді аумақ­тық қаржы полициясы және кеден қызметі органдары жүргізеді. Кан­дидат­тардың Академияға түсуі олардың арнайы міндетті тексеріс, сондай-ақ ІІМ әскери-дәрігерлік комиссиясынан оқуға және қызметке жарамдығын анық­тау үшін медициналық куәлан­ды­ру өткен­нен кейін жүзеге асырылады.Оқуға түсетін кандидаттың жеке ісі Академияның қабылдау комиссиясына жіберіледі. Жеке іске міндетті түрде жеке куәлігінің және білім беру туралы құжатының көшірмелері тіркеледі.– Сыбайлас жемқорлықты қа­лай сипаттайсыз, сіздің пікіріңізше, онымен күресу үшін не жетіспейді? Қандай шаралар қабылдау қажет?– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­рестің қолданыстағы құқықтық жүйесі халықаралық заңнама талаптары мен нормаларынан кейін қалып келеді, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бо­йынша жүргізіліп жатқан бағдар­ла­ма­лардың тиімділігін төмендету қаупін туғызады және қо­сым­ша нормаларды қабылдау бойынша жұмыс жүргізуді талап етеді. Қол­да­ныс­тағы заңнаманы сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы күрес бөлігінде одан әрі жетілдіру қажет.Сыбайлас жем­қор­лық бағыт­тары­на, оның ішінде сыбайлас жемқор­лық­қа ықпал ететін заң­намадағы кемші­лік­терді анықтау бойынша тұрақты түрде талдау жасау қажет екенін атап өтемін. Сонымен қатар, сыбайлас жемқор­лық­қа қар­сы күрес сала­сын­дағы ұлттық заң­на­ма­ның халық­ара­лық стандарт­тарға то­лық сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.Осыған байланысты, табысты іске асырудың басты факторларын айқын­дау қажет, оларға көлеңкелі экономи­ка­ның жоғары дәрежесін жатқызуға болады. Бүгінгі күні мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шараларға қарамас­тан, сыбайлас жемқорлық жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын көлеңкелі экономика үлесі бұрын­ғыдай жоғары болып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың қыл­мыс­тар бойынша айыппұл мөлшерін өсіру қажет, өйткені әлсіз жазалау шаралары жемқорларды белсенді және ауқымды әрекеттерге итереді, өйткені қылмыстық жолмен алынған және олардың иелігінде қала­тын мүліктің бағасы айыппұл мөлшері­нен көп. Бұл жерде сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы күрес тетіктерін қатаңдату оның деңгейін төмендетуге тиімді құрал болып табылмайды, сондықтан сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін жазалау сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­рес­тің барлық салаларындағы кешен­ді шараларымен өткізілуі қажет.– Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күресте шетел тә­жірибесі тыңдаушыларға дәріс өткізу барысында қолданыла ма?– Академияның қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелерімен ынты­мақ­­тас­тықты дамыту басым бағыт және бұл трансұлттық қылмысты­лық­қа бір­лесіп қарсы тұру болып табылады, экономика саласында кримино­ген­дік жағ­дайлар мен сыбайлас жемқор­лық­ты зерт­теу бойынша бірлесіп ғы­лы­ми зерттеулер жүргізу қажеттілігін туғызады.Бұл бағытта осыған ұқсас алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеу, оның ішін­де тыңдаушылармен Агенттікпен терге­ліп жатқан істердің барысын зерттеу көмектеседі. Бұл жерде ТМД және шетел жоғары оқу орындарымен байланыс орнату кеңінен таралған. Сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмен елдердегі мемлекеттік қызмет­ші­лердің қызмет сапасы мен мер­зіміне қатаң бақылау жүргізіледі.Осы орайда сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдерде сыбайлас жем­қор­лықтың пайда болу себептерін зерттеу бойынша ғылыми және әлеу­мет­тік зерттеулердің ерекше маңыз­ды­лы­ғы­на тоқталу қажет. Сонымен бірге, мұн­дай зерттеулер сыбайлас жемқор­лық­қа қар­сы күрестің уәкілетті органдарымен бір­ге жүргізіледі. Қазақстанда сыбайлас жемқорлық тақырыбы бойынша әлеу­меттік сұраулар мен зерт­теулерді уәкі­летті мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша тәуелсіз институттар жүр­гізеді. Бірақ бұл зерттеулер бір­ың­ғай үйлестіруші органмен қоры­тын­ды­ланбайды, ал жұмыс тұжырым­да­малары сыбайлас жемқорлық саясатын түзетуге пайдаланылмайды.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің шешімі­мен 2007 жылєы 25 мамырда Қаржы полициясы академиясына ТМД-ға қа­ты­сушы елдердің салықтық (қар­жы­лық) тергеу органдары үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі базалық ұйым мәртебесі берілді.– Әңгімеңізге рахмет.Әңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ.