• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Сәуір, 2019

«Барыс Аренаға» қанша адам барды?

1261 рет
көрсетілді

Биылғы маусымда «Барыс» хоккей клубының матчтарын тамашалау үшін елордадағы «Барыс Арена» мұз айдынына 302 093 адам барған.

Аренаға жиналған жанкүйерлердің 72 мыңы Гагарин кубогының плей-офф кезеңдерінде жиналған. Яғни, әр ойынға орта есеппен 10 420 көрермен келген екен.

Сондай-ақ «Барыстың» ойындарына билет құны 500-4000 теңге аралығында болды. Айта кету керек, «Барыс Аренада» 11 700 орын бар.

Естеріңізге сала кетсек, биыл «Барыс» клубы Чернышов дивизионында көш бастады. Ал Гагарин кубогында команда екінші кезеңде сүрінді.