• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2019

Семейде Қарулы Күштердегі авиациялық нысанашылар дайындығы өтуде

363 рет
көрсетілді

Авианысанашылар міндеті-әуедегі қауіпсіздікті қадағалау болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан армиясы ұрыс жүргізуді аспан астында ұйымдастырудың, сондай-ақ жауынгерлік авиацияны жердегі мақсаттарға бағыттаудың озық технологиялары мен тәсілдерін қолданып жүр. Авиациялық нысанашылар әуе арқылы авиациялық зақымдау құралдарын қашықтықтан қадағалап үлгеруі керек.

«Шығыс» әскери өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, аға лейтенант Исламбек Қалдыбековтың айтуынша дайындық барысында ҚР Қарулы күштеріне қарасты авиациялық нысанашылар аспан кеңістігінде деректерді алу және талдау дағдыларын үйренді. Сондай-ақ, жұмыс картасындағы координаттарды, жергілікті жердегі бағдарларды анықтауды талдады.  Әуе және жер үсті операцияларын жүргізу кезінде авиациялық бөлімшелерге басшылық ету үшін деректерді дәл беруге дағдыланды. Дайындық қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті куәліктер берілмек.

Раушан НҰҒМАНБЕК,                          

«Еgemen QAZAQSTAN»

суретті түсірген автор

СЕМЕЙ