Щучинск қаласында биатлоннан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Соңғы жарыс күнінде ерлер мен әйелдер арасындағы эстафета жеңімпаздары белгілі болды деп хабарлайды Olympic.kz.
Әйелдер алты шақырымнан тұратын төрт кезеңді артта қалдырса, ерлер 7,5 шақырымға жарысты.
Жарыс нәтижесі бойынша әйелдер арасындағы эстафетада Галина Вишневская бастаған Шығыс Қазақстан облысының командасы топ жарды. Олардың уақыт көрсеткіші – 1 сағат 38 минут 6 секунд.
Екінші орында Ақмола, үшінші орында Алматы облысы.
Ерлер арасында 1 сағат 17 минут және 11 секунд уақыт көрсеткішімен Ақмола облысының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынға Павлодар, үшінші орынға ШҚО спортшылары жайғасқан.
Чемпионат қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы жалпы есепте көш бастады.