• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2012

Елисовтың ерлігі

302 рет
көрсетілді

Елисовтың ерлігі

Сенбі, 11 ақпан 2012 8:23

Бейбіт күнде де ерлікке орын барын тәуелсіз елдің қырағы қы­рандары бұрнағы уақытта айқын дәлелдеп келеді. Демалыс күн­­дері Петропавл қаласындағы Ішкі әс­кер­лер Әскери инсти­ту­ты­ның әс­ке­ри қызметшісі аға сержант Виталий Елисов тілсіз жаудан адам өмірін арашалап, ажал алдында қалған әйелді құтқарып қалды.

Сенбі, 11 ақпан 2012 8:23

Бейбіт күнде де ерлікке орын барын тәуелсіз елдің қырағы қы­рандары бұрнағы уақытта айқын дәлелдеп келеді. Демалыс күн­­дері Петропавл қаласындағы Ішкі әс­кер­лер Әскери инсти­ту­ты­ның әс­ке­ри қызметшісі аға сержант Виталий Елисов тілсіз жаудан адам өмірін арашалап, ажал алдында қалған әйелді құтқарып қалды.

Оқиға ақпанның 4-і күні орын алды. Бұл уақытта Виталий облыс орталығынан шеткері жатқан Борки кентінің спорттық базасында бол­ған еді. «Кенеттен жақын маң­дағы жер үйлерден қатты жарылыс естілді. Еш ойланбастан, дереу сол жаққа қарай жүгірдім. Оқи­­ға орнына жеткенде, түтін­деніп жатқан үй есігінің алдында қолында сәбиі бар әйелді байқа­дым. Шұғыл арада оларды шы­ға­рысуға көмектес­­тім», – дейді аға сержант Елисов, сол күндегі оқи­ға­ны есіне алып. Сөйтсе, өртеніп жатқан үй ішінде жан-айқайы шық­қан әйелдің дауысы естілген екен. Ішкі әскер жау­ынгері өз өмі­ріне қауіп төнгеніне қарамастан, арғы бөлмелерге кір­ген. Жары­лыстың салдарынан бас­пананың қабырғасы мен төбесі құлапты бұл уақытта.«Түтіннен үйдің ішінде түк көрінбей кетті. Әрі ауа да же­тіс­педі. Баспананың кейбір жерлерін от шалып үлгерді. Қолда бар көр­пешікпен тез арада тілсіз жауды ауыздықтадым. Қатты түтіннен әй­ел­ді бірден табу мүмкін болмады. Содан соң құлаған тақтай­лар­ды қопарып, үйіндінің астында қат­ты күйік шалған адамды көр­дім. Есі­нен танған екен. Шұғыл түрде үйін­діден босатып, аулаға алып шықтым. Алғашқы медици­на­лық көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге ығыстырдым», – дейді Виталий.Бұл кезде оқиға орнына өрт сөн­дірушілер келіп, тілсіз жауды то­лығымен ауыздықтады. Үй іші­нен үш газ балоны шығарылды. Абы­рой болғанда, жарылыстан бас­қа ешкім зардап шеккен жоқ. Ал өлімнен адам өмірін араша­ла­ған аға сержант Виталий Елисов қазір Әскери институт басшы­лы­ғының қол­дауымен жоғары наг­ра­даға ұсы­нылып отыр.Руслан ЖАНГУЛИН, аға лейтенант.Солтүстік Қазақстан облысы.