Сенбі, 11 ақпан 2012 8:23
«Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес үстіміздегі жылғы алғашқы отырысын өткізді. Сөйтіп, Кеңес өзінің осы жиырма үшінші отырысында Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде жемқорлыққа қарсы әрекет ету жұмысының жағдайы жөніндегі мәселені қарады.
Сенбі, 11 ақпан 2012 8:23
«Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес үстіміздегі жылғы алғашқы отырысын өткізді. Сөйтіп, Кеңес өзінің осы жиырма үшінші отырысында Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде жемқорлыққа қарсы әрекет ету жұмысының жағдайы жөніндегі мәселені қарады.
Кеңес төрағасы, сенатор Оралбай Әбдікәрімов күн тәртібіндегі мәселені талқылауға көшпес бұрын жаңадан сайланғандарды көпшілікке таныстырды. Атап айтқанда, мүшелікке қабылданған Мәжіліс депутаты Қайырбек Сүлейменов пен «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Айдос Үкібаевқа куәліктер табысталды.Бұдан соң күн тәртібіне шығарылған мәселе қызу талқыға салынды. Кешегі отырысқа жақында ғана тағайындалған Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың өзі де қатысып отырғандығын айта кеткен жөн.Аталған министрліктегі жемқорлыққа қарсы әрекеттер жұмысының ұйымдастырылуы туралы баяндаманы осы ведомствоның жауапты хатшысы Анатолий Дерновой жасады. Оның сөзіне қарағанда, жақында Парламентте қабылданған Экология мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу заңдық құжаты экологиялық талаптарды айтарлықтай қатаңдатқан. Сол сияқты рұқсат беру жүйесіне қатысты заңдық құжатқа да өзгерістер енгізу арқылы мемлекеттік экологиялық сараптама жасау мен рұқсат беру мерзімі 2-4 есе қысқарған. Енді барлық экология талаптарының бұзылуына байланысты тоқтата тұру сияқты шешімдерді министрлік қызметкері емес, сот шығарады.Жауапты хатшының сөзінен тағы бір белгілі болғаны, өткен жылы 12 мың тексеріс орын алса, оның барысында 9 мыңдай экология заңдылығын бұзушылық анықталыпты. Мемлекет пайдасына 1515 талап-арыздың арқасында 16,2 миллиард теңге өндірілген. Жалпы, заң бұзушылықтар жылдан жылға азайып келеді, деп санайды Анатолий Григорьевич. Мысалы, 2008 жылы әрбір 100 тексеріске 80 заң бұзушылық анықталса, 2011 жылы ол 76-ға төмендепті.Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес жанынан құрылған сарапшылар комиссиясының Алматы, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстары мен Алматы қаласына жасаған сапарлары барысы аталған министрлікке қарасты мекемелерде жемқорлықтың әлі де тыйылмай отырғандығын көрсеткен. «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты жанындағы Жемқорлыққа қарсы күрес ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Батыржан Ашитовтың айтуынша, елімізде 20 осындай жемқорлық фактілері орын алса, министрлік соның бірде-біреуіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы ұсыныс енгізбеген. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, экологиялық заңдылықтарда тұрақтылық жоқ. Мысалы, 2009 жылы қабылданған Экология кодексіне 19 рет өзгерістер енгізілсе, тек былтырдың өзінде 8 рет өзгерту орын алыпты. Бұл өз кезегінде шаруашылық субъектілері мен құқық қорғау ұйымдарының жұмысын қиындатып жіберген.Жемқорлықтық заң бұзушылығы бойынша өткен жылы 10 адам сотталса, олар негізінен пара алғаны үшін қылмысты болыпты. Мәселен, Павлодар облысында мемлекеттік экологиялық инспектор белгілі бір акционерлік қоғам төрағасынан май құю стансасына оң қорытынды бергені үшін 100 мың теңге пара алған. Сарапшының сөзіне қарағанда, талаптардың негізсіз болуы жемқорлыққа жағдай жасайды. Экология департаменті сотқа 10 талап-арыз түсірсе, соның 5-еуі ғана қанағаттандырылған. Тексере келгенде, министрлік құрамындағы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің жұмысы ашық жүргізілмеген және де көптеген кемшіліктер анықталған.Жалпы талдау жасау нәтижесі көрсеткендей, жемқорлық құқық бұзушылық фактілері «Жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заңның 12-бабын бұзуға байланысты және жемқорлыққа жағдай жасаушы тәртіп бұзушылықтар болып табылады. Нақтырақ айтқанда, шешім шығаруда жеке тұлғаларға заңсыз артықшылықтар жасау, кәсіпкерлік қызметіне негізсіз араласу және тағысын тағылар. Құқықтық статистика мәліметтері көрсеткендей, 2010 және 2011 жылдары жемқорлық сипатта ҚОҚМ аумақтық органдарының 22 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапқа тартылыпты. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін аталған министрлік көрсетіп келген мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер реестріне енбегені және де олардың стандарттары жоқтығы да назардан тыс қалмады. Республикалық бюджеттің пайдаланылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәліметтері көрсеткендей, ҚОҚМ қызметінде 2009-2010 жылдары жалпы сомасы 7,5 миллиард теңгенің тәртіп бұзушылықтары, соның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасына қатысты 27,4 миллион теңгенің заң бұзушылығы орын алғаны анықталып отыр.Отырыс барысында, сонымен қатар, Алматы қаласында жанар-жағармай стансаларының тұрғын үйлерге жақын орналасуы және Атырау облысында экологиялық заңнаманы бұзу фактілері бойынша тексерулер материалдары бойынша әзірленген бейнефильмдер көрсетілді. Талқылау нәтижесінде Кеңес бірқатар ұсыныстар тізімін жасап, тиісті қаулы қабылдады.Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.