Бұл күндері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті жасақтаған «Ахмет Байтұрсынов ізімен. Орынбор кезеңі» атты ғылыми-зерттеу экспедициясы Ресейдің Орынбор қаласында жүр. Оны филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадықов басқарып барды. Экспедиция мүшелері Орынбор мемлекеттік педагогика университеті Ресей тарихы кафедрасының доценті, «Оренбурский путь Ахмета Байтурсунова» кітабының авторы Татьяна Тугаймен бірге ұлт ұстазының Орынбордағы табаны тиген тарихи жерлерді аралады.
«Орынбор қаласы қазақстандықтарды ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамдық-саяси қайраткерлеріне қатысты тарихи орындарымен тартады. Бұл жас ұрпақ үшін рухани маңызы жоғары екендігіне мақтанамыз» дейді Орынбордағы «Жас қанат» қазақ ұлттық қоғамдық жастар ұйымының төрағасы Руслан Чулкеев.
Экспедиция алдағы күндері Орынбор облыстық архивінде болады және Сәуле Тәйкешева басқаратын халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мүшелерімен, Орынбор мемлекеттік педагогика университеті ғалымдарымен, қазақ диаспорасы өкідерімен кездесетін болады.
Қостанай