Наурыз айы – тоқ ішек обырымен (колоректальды қатерлі ісік) күресу айы болып табылатындықтан, 30 наурыз күні Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты тоқ ішек обырын (колоректальды қатерлі ісік) анықтау мен алдын алу мақсатында Ашық есік Күнін өткізді.
Бұл шара Қазақстанның барлық өңірлік онкологиялық диспансерлерінде және онкологиялық орталықтарда өткізілді.
2019 жылдың 30 наурызында 1336 адам тексерістен өтті. Нәтижесінде колоректальды обырдың 35 күдікті жағдайы және обыр алды тоқ ішек ауруы бойынша 91 жағдай анықталды. Бұдан басқа, дәрігерлер 300-ге жуық басқа патологияларды да анықтады.
Сондықтан мамандар халыққа өздері тұратын мекен-жай бойынша жергілікті емханадан колоректальды обырға қарсы тегін скринигтік қарап-тексерілуге шақырып отыр.
АЛМАТЫ