Жиын барысында Қоғамдық Кеңес Президиумының хатшысы Жанар Бектаеваның ұсынысымен төралқа мүшелігіне Дариягүл Қожамжарова, Игор Вербицкий, Ғани Ташқараев, Нұрғазы Бұхарбаев және Бекайдар Төлегенов болып бекітілді. Сондай-ақ жиналғандар жаңа төрағаны сайлады. Кеңес мүшелері бұл қызметке Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұхарбаевты лайық деп санап, бірауыздан төраға етіп сайлады.
– Көпшілік Нұрғазы Бақтыбайұлын жоғары ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілеттерге ие, алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуде жауапкершілік пен табандылық танытатын, іске шығармашылық тұрғыдан қарайтын азамат ретінде біледі, - деді кеңесте сөз алған «Nur Otan» партиясының Шымкент қаласы филиалы төрағасының орынбасары Бекайдар Мұсаұлы.