• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2012

Еңбек инспекторларының қауқары қандай?

380 рет
көрсетілді

Еңбек инспекторларының қауқары қандай?

Сенбі, 18 ақпан 2012 7:48

Кеше Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі ко­мис­сияның кеңейтілген отырысы өтті. Онда Сағынбек Тұрсы­нов­тың төрағалығымен республика ұйымдарындағы еңбекті қорғау мен халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуының жай-күйі қаралды. Алғашқы мә­селе бойынша Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Нұрымбетов баяндама жасады. Оның біржақты жа­саған баяндамасына орай өткір сұрақтар да қойылмай қалмады. Мәселен, республика бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары қанша адам? Олар Жаңа­өзен­де қандай рөл атқарды? Жеті ай бойына екі тарап келісе алма­ған­да осы инспекторлардың үні ес­тіл­ді ме? деген секілді сұрақ берілді.

Бұған вице-министр біздің елі­мізде қазіргі күні еңбек инс­пек­торларының саны 311 адам ғана, сондықтан мұның тапшы екендігін үнемі айтып жүрген­ді­гін, Жаңаөзендегі мәселе еңбек дауынан басталғандығын, ереуіл басталмас бұрын олар Бас прокуратура өкілдерімен сол жерге барып кездесу өткізгендігін, Атырау, Батыс Қазақстан облыс­та­ры­ның мемлекеттік еңбек инспек­торларының бәрін сол жаққа іссапарға жолдап, еңбек шарттарын түсіндіру бойынша біраз жұмыстар атқарылғандығын, со­ның ішінде жұмысшылар қыз­мет­тен босай бастағанда еңбек инспекторлары мұның заңды, заңсыздығына тексерулер өткіз­ген­дігін, сөйтіп сол кезде еңбек инспекторлары өздеріне жүктел­ген міндетті толығымен атқар­ғандығын айтып ақталды. Бірақ отырысқа қатысушылар еңбек мәселелеріне байланысты қорда­ланып қалған сауалдарға жауап іздеп, вице-министрдің сөйлеген сөзінің қорытындылары бойынша жан-жақты пікір алмасты.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары өткен жылы ұйымдарға 17 505 тексеру жүргізген, солар­дың нәтижесінде 57 880 заң бұ­зушылық анықталып, соның іш­ін­де тарқатып айтсақ, еңбек қа­ты­настары мәселелері бойынша – 33 665, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша – 23 343, ха­лықты жұмыспен қамту бойынша – 872 келеңсіздік орнаған. Өкі­нішті жағдайларға да соқтырған 2024 бақытсыздық оқиғалары ор­­­ын алып, одан 2247 адам зардап шеккен, бұл 2010 жылға қа­ра­ған­да 3,1 пайызға көп деген сөз.

Қызметкерлерге жалақыны уақ­тылы төлемеу де қиындық туғызуда, өйткені бұл республика өңірлеріндегі еңбек жанжалда­ры­ның тууына себеп болып табылады. Мәселен, өткен жылы республика бойынша 16 еңбек жанжалы көтерілді. Дегенмен де 2011 жылғы 1 қаңтарға жалақы бойынша берешектің жалпы сомасы республика бойынша 3,2 млрд. теңгені құраса, ол 2012 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 1,4 млрд. теңгеге дейін төмендеген.

Күн тәртібінің екінші мәсе­ле­сі бойынша «Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы оралмандардың, аза­маттығы жоқ адамдардың және босқындардың құқықтары­ның ахуа­лы туралы» арнайы ба­ян­да­масының жобасы таныстырылды. Сөз сөйлегендер этника­лық қа­зақ­тарды тарихи отанына көшіру еліміздің көші-қон саяса­тының басты басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Үшінші мәселе бойынша Адам құқықтары жөніндегі ко­мис­сияның хатшысы Тастемір Әбішев сөз сөйлеп, отырысқа қа­тысушыларды Комиссияның 2011 жылғы жұмысы туралы және оның 2012 жылға арналған жұ­мыс жоспары туралы хабардар етті. Комиссияның ұсынымдары Мемлекет басшысының назарына жеткізіліп, Парламент пен Үкі­мет­ке және басқа да мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

Александр ТАСБОЛАТОВ.