• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2012

Жаңаша соққы жасалмақ

273 рет
көрсетілді

Жаңаша соққы жасалмақ

Сейсенбі, 21 ақпан 2012 8:22

Енді еліміздің Қаржы полициясы жеке құрамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағыты бойынша басты назары пара бопсалау және бюджет қаражатын ұрлаумен жүйелі түрде айналысатындарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталатын болады. Бұл туралы Эконо­микалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткізілген кеңесте айтылды. Онда Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыр­ту – Қазақ­стан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан хал­қына Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды.

 

Сейсенбі, 21 ақпан 2012 8:22

Енді еліміздің Қаржы полициясы жеке құрамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағыты бойынша басты назары пара бопсалау және бюджет қаражатын ұрлаумен жүйелі түрде айналысатындарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталатын болады. Бұл туралы Эконо­микалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткізілген кеңесте айтылды. Онда Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыр­ту – Қазақ­стан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан хал­қына Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды.

Елбасының Жолдауын бас­шы­лыққа алған агенттік төр­аға­сы Р.Түсіпбеков Президент­тің тапсырмалары шеңберінде қаржы полициясы орган­дары­ның алдағы кезеңдегі жұмы­сының мақсатын нақтылады. Атап айтқанда, агенттіктің күш-жігері жүйелі сыбайлас жемқорлық және «көлеңкелі» экономикамен күреске, бюджет қаражатын ұрлау деректерінің жолын кесуге, сондай-ақ кадр құрамын білікті мамандармен жаңартуға бағытталуы тиіс екендігін атап өтті. Жедел бө­лімшелердің жұмысы тек қоз­ғалған қылмыстық істердің са­нымен бағаланатын жүйесінен бас тартуды талап етті. Сон­дық­тан жұмыстың түпкі мақ­саты кінәлі жанды соттаумен қатар, қылмыстарды жасауға негіз болатын себептер мен шарттарды жою болып белгіленді.

Бұл орайда Рашид Түсіп­бе­ков «Біз сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыс­тар­ды жасаудың алдын алып және олардың жолын кесуге тиіспіз. Қылмысты жасауға негіз бола­тын себептер мен шарт­тарды жою қажет» деп қадап айтты. Осы кеңесте қылмыстық табыс­тар­ды «жылыстатуға» және олар­ды елден шығаруға қарсы күрес, сонымен қатар жал­ған кәсіп­орын­дар қызметі­нің жолын кесу басым бағыттар ретінде анықталды.

Агенттік төрағасы тексерістер мен қылмыстық істерді тергеу барысында кәсіпкерлік субъек­ті­ле­рінің қызметіне заңсыз арала­су­ды тоқтатуды талап етті. Ол үшін Р.Түсіпбеков экономикалық саламен және бизнес-құры­лым­дары­мен жұмыс жасау кезіндегі қаржы полициясы органдары өкі­леттік­терінің шегі мен шеңберін, сон­дай-ақ бақылаушы орган­дар­дың кәсіпкерлік субъектілердің қызме­тін тексеруге бастама­шы­лық жасау үшін қажетті негіз­де­мелердің толық тізбесін нормативтік дең­гейде анықтауды тапсырды.

Сонымен қатар, мұндай тексеру тек аумақтық департамент бас­тығының жазбаша келісімі бойынша ғана жүргізілу мүм­кіндігі бекітіліп, ал жеке кә­сіпкерлік субъектісін заңсыз тексеру тағайындалған жағ­дайда тексеруге бастамашылық жаса­ған адам ғана емес, оған келісім берген басшысы да лауа­зымынан босау түріндегі жауапкершілікке тартылатын­ды­ғы анықталды.

Елбасының тапсырмасына сәй­кес қаржылық-экономи­ка­лық қылмыстарды, оның ішінде кейбір салықтық қыл­мыс­тар­ды декриминализациялау жұ­мысын жалғастыру жүк­тел­ді. Сөйтіп, қылмыстық әрекет­тер­дің арасында тек қоғамға және мемлекетке елеулі қауіп тудыратындары ғана қалды­ры­л­атын болады. Агенттік, сон­дай-ақ, сыбайлас жемқорлық әрекеттердің тізбесін оларды жемқорлық қылмыстарға жат­қызу негізділігі бойынша зерделейді. Демек, ішерін ішіп, жегенін жеп әзірге мұртынан күліп жүрген жемқорларға алдағы уақытта нағыз соққы берілетін сәт те таяп қалды.

Осы кеңестің барысында Р.Түсіпбеков агенттік төраға­сы­ның жаңа тағайындалған орын­басарларын ұжымға та­ныстырды. Елбасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Өкімімен агенттік төрағасының бірінші орынбасарлығына А.И.Лукин, орынбасарларына – М.М.Ах­мет­жанов және А.Ж.Бо­данов тағайындалған болатын.

Александр ТАСБОЛАТОВ.