• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2012

Жалған “шопандар”, жасырылған тауарлар

398 рет
көрсетілді

Жалған “шопандар”, жасырылған тауарлар

Сәрсенбі, 22 ақпан 2012 7:54

Қазір шекараны шындамай жайбарақаттыққа салынатын заман емес. “Қазанның қақпағы ашық болса, иттен ұят кетеді” дегендей, дербес, тәуелсіз мем­лекеттердің шекарасынан сына тауып, заңсыз контрабандалық тауар өткізушілер көбейіп тұр.

Ал бір қуанарлығы, Қазақ­стан шекарашылары заманауи қондырғылармен жабдық­тал­ған­дықтан да, бейне бақылау ар­қы­лы шекара маңында жорғалаған тышқанға дейін көріп отырады. Бірақ, “Ет тәттілігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім” дегендей, бұрын контрабандамен па­й­да тауып жүргендер үйреншікті әдет­терін қояр емес.

 

Сәрсенбі, 22 ақпан 2012 7:54

Қазір шекараны шындамай жайбарақаттыққа салынатын заман емес. “Қазанның қақпағы ашық болса, иттен ұят кетеді” дегендей, дербес, тәуелсіз мем­лекеттердің шекарасынан сына тауып, заңсыз контрабандалық тауар өткізушілер көбейіп тұр.

Ал бір қуанарлығы, Қазақ­стан шекарашылары заманауи қондырғылармен жабдық­тал­ған­дықтан да, бейне бақылау ар­қы­лы шекара маңында жорғалаған тышқанға дейін көріп отырады. Бірақ, “Ет тәттілігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім” дегендей, бұрын контрабандамен па­й­да тауып жүргендер үйреншікті әдет­терін қояр емес.

Жақында ҰҚК шекара қыз­меті “Оңтүстік” өңірлік басқар­ма­сына қарасты Жетісай шекара жасағы ірі контрабандалық тауарларды мемлекеттік шекарадан өткізу дерегін анықтап, қыл­мыс­керлердің адымын аштырмады.

“Орынбай” шекара заста­ва­сының жасағы шекарадан алты шақырым алқапты сүзу барысында өзбекстандық 10 азамат пен қазақстандық 8 азаматты қыл­мыс барысында қолға түсірді.

Шекара маңына киіз үй тігіп, оған контрабандалық тауар жа­сырған қылмыстық топ КамАЗ, Зил және Урал жүк мәши­не­лерімен Өзбекстан шекарасына өтпек болған. Контрабандалық азық-түліктердің жалпы сал­ма­ғы 27 тонна тартады. Сол маң­нан, бұл айтылғандардан бөлек, 2420 қораптарға салынған азық-түлік пен халық тұтынатын та­уарлар тәркіленген.

Бұл тауарлардың жалпы сал­мағы 19 тонна құрады. Одан бө­лек 2620 бөтелке арақ жасырыл­ған қойма табылды. Шекара жа­сақтары “Найман Бұхарбай” зас­тавасының телімінде күдікті аза­матты қолға түсірді. Ол сол маң­дағы құрылыс қоймасында 1,5 литрлік ыдыстармен 270 қап­қа жасырылған 10 тонна спиртті тығып жүргенге ұқсайды.

Содан соң шекара аймағынан бір шақырым қашықтықта тағы бір азамат ұсталған. Ешқандай құжат көрсете алмаған әлгі азамат осы маңда мал бағатын қой­шымын дейді. “Қойшы” иелік етіп жүрген қыстауды тексергенде 600 қорапқа салынған кон­дитерлік өнімдер мен 5 тонна түсті металл анықталған.

Ал “Бимырза” шекара заста­васының телімінде тағы бір құ­жатсыз жүрген азамат ұстал­ған. Өзінің айтуынша, бұл да “шопан” екен.

Бірақ, ол мал емес қорап­тар­ға салынған тауарларды бағып жүр. Қыстауды тінту барысында 200 қорапқа салынған конди­тер­лік өнімдер табылды.

Бүгінде осы деректер бойынша контрабандалық қылмысқа қатысы бар басқа да азамат­тар­дың ісі нақтылануда. Өйткені, үлкен көлемдегі тауарларды жал­ғыз-жарым адамдардың шекарадан өткізуге талаптануы мүм­кін емес. Контрабандалық жүк­тер­дің бағасы шығарылғаннан кей­ін осы іске қатысы бар аза­мат­тарға қылмыстық іс қозғалмақ.

Бұдан бөлек, ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» Өңірлік бас­қармасы «Леңгір» жеке шекара комендатурасына қарасты «Тұр­бат» шекара заставасының шекара жасағы Өзбекстан Рес­пуб­ликасынан Қазақстанға қа­рай біреудің өткенін анықтап, ізіне түседі.

Іздестіру шаралары кезінде шекарадан заңсыз өтпек болған Өзбекстан азаматы қолға түсті.

Шекара бұзушыны тексеру барысында одан 12 500 өзбек сомы және 1,5 литрлік бөтел­кеде ұнтақталған героин тәркі­лен­ді. Оның салмағы 9 келіге дейін тартады.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қа­зақстан облысы, Төлеби аудан­дық прокуратурасы Өзбек­стан Республикасының азаматына қа­тысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 250-бабы 4-ші бөлімі бойынша қыл­мыс­тық іс қозғады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

Оңтүстік Қазақстан облысы.