• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2019

Мәскеуден жүлдемен оралды

616 рет
көрсетілді

Балқаш қаласының оқушысы Мейіржан Алғамжанов Мәскеуде өткен «Ресей-Қазақстан: шекарасыз ғылым» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Жеңіс Қашқынов – балалар әдебиетіндегі халықтар достығының жыршысы» тақырыбы бойынша ғылыми жобасын сәтті қорғап, бірінші жүлдемен марапатталды.
Мейіржан Алғамжанов жер­гілікті Абай атындағы №2 ли­цейдің 7-сыныбында оқиды. Жас зерттеушінің ғылыми же­тек­шісі – аталған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұға­лімі Ақерке Балтабай. Бұ­дан бұрын дарынды оқушы Ас­та­нада ұйымдастырылған «Қа­зақстанның болашағы – жас­­тардың қолында» атты респуб­ликалық ғылыми-прак­тикалық конференцияда топ жарған болатын. Енді Мейіржан Польшада күз айларында өтетін ІІ халықаралық ғылыми сайысқа қатысады. – Бұл тақырыпты өткен жыл­дың желтоқсан айынан бері зерттей бастадым. Сол кезде біздің мектепте Жеңіс Қашқыновтың 75 жылдығына арналған «Жыр төксе көлге аққу, қаз қонатын...» атты әдеби-сазды кеш өткен болатын. Сол шарадан үлкен әсер алдым. Астанадағы респуб­ликалық байқау алдында Жеңіс Қашқыновтың балаларға арнал­ған жырларын жан-жақты зерттесем, Мәскеу конкурсына ақын атамыздың халықтар достығын өзек еткен ертегілері мен балладаларына арналған жобамен қатыстым. Алдағы уақытта осы тақырыпты тереңдете зерттеп, қазақ балалар әдебиетінің әлем поэзиясынан ойып орын ала­тындығын дәлелдеуді алдыма мақсат етіп қоямын, – дейді арманы асқақ Мейіржан.