Жарыстың бірінші күні 4-17 жас аралығындағы кез келген қатысушылар бақ сынайтын болса, екінші күні жасы 18-ден жоғары спортшылар жарыс жолына шығады.
Турнир ABB аренада IBJJF халықаралық бразилиялық джиу-джитсу федерациясы ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері мен жас айырмашылығы бойынша өткізіледі. Басталуы сағат 10:30-да (екі күн).
Бұл турнирге қыздар мен ұлдар қатыса алады. Ол үшін регламентке сәйкес www.arlangrip.kz немесе www.smoothcomp.com сайттарына тіркеліп, тиісті қаражат төлеу қажеттігі көрсетілген.
Турнир елімізде бразилиялық джиу-джитсу спорт түрін дамытып, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді анықтауға қызмет жасайды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар және арнайы медальдар табысталады.