• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 04 Сәуір, 2019

Тұңғыш Президент – Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

714 рет
көрсетілді

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

– Қазіргі уақытта мұнай бағасының өсіп келе жатқаны байқалуда. Еліміздегі экономикалық ахуал мен теңге бағамы тұрақты. Жақында Ұлттық банк пен Үкімет тұрғындар үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Сіздердің тараптарыңыздан бұл дұрыс шешім деп ойлаймын, – деді Елбасы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция деңгейін сақтап қалу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімделді.