• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Сәуір, 2019

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

972 рет
көрсетілді

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты 5 сәуір күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

«Қазгидрометтің» ақпаратына сүйенсек, солтүстік-шығыста және еліміздің оңтүстігінің кей жерлерінде жаңбыр мол мөлшерде жауады.

Тек оңтүстік-батыста ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте әлі де көктайғақ болуы ықтимал. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында, түнде Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан облысының бірқатар бөлігінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Алматы облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.