• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Сәуір, 2019

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс МС-11» транспорттық жүк кемесі ұшырылды

751 рет
көрсетілді

Кеше 17 сағат 01 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» тасымалдығыш зымыран көмегімен «Прогресс МС-11» транспорттық жүк кемесі сәтті ұшырылды. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

Ұшырылым «Союз» зымыран тасығышы бастау алар кешенінен «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31-алаңынан бастау алып, штаттық режимде өтті.

«Прогресс МС-11» транспорттық жүк кемесінің ұшырылуы Халықаралық ғарыш стансасының бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды. Аталған транспорттық жүк кемесі халықаралық ғарыш стансасына экипаж жұмысының тіршілігіне және станцияның жұмыс істеуіне қажетті жанармай, азық-түлік, су секілді жүктерді жеткізу мақсатында ұшырылды.

«Прогресс МС-11» транспорттық жүк кемесін ресейлік «С.П. Королева атындағы «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы құрастырған және ол орбиталдық стансаны жабдықтау үшін «Союз» зымыран тасығышының көмегімен орбитаға шығатын пилотсыз транспорттық жүк кемесінің сериясына жатады.