Кубоктік доданың жеребесі тартылып, қазақстандық Кирилл Герасименконың қарсыластары анықталды. Ол А тобында әлемнің төрт дүркін чемпионы әрі бірінші ракетасы саналатын қытайлық Фан Жендонг, командалық есептегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Янг Вуджин (Корея) және аралас разрядтағы әлемнің екі дүркін қола жүлдегері Вон Чун Тинге (Гонконг) қарсы ойнайды.
«Кирилл қытайлық Фан Жендонгқа қарсы жақсы ойын көрсетіп жүр. Алайда, ол 7 сетке созылатын турнирлер. Азия кубогінде бар болғаны 5 сет, сондықтан, мейілінше жинақы ойнауы тиіс. Басқа теннисшілермен бұрын-соңды кездескен емеспіз. Үш кездесу де бір күнде өтеді. Әзірге уақыт айырмашылығына бейімделуге тырысып жатырмыз. Кирилл матч басталғанша бабына келеді деп ойлаймын», - дейді ұлттық құраманың кеңесші бапкері Дмитрий Левенко.