6 сәуір күні Чехияның Подебрады қаласында спорттық жүрістен халықаралық турнир өтеді. Осымен 87 рет ұйымдастырылатын турнирге Қазақстан спортшылары да қатыспақшы деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыс бірнеше жас категориясы бойынша ұйымдастырылады. Атап айтар болсақ, ересектер 20 шақырымға, 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер 10 шақырымға, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер 5 шақырымға жарысады.
Қазақстан командасының үздігі Георгий Шейко Чехиядағы турнирдің жүлдесіне таласып көреді. Ол наурыз айында өткен Азия чемпионатында күміс медаль иеленіп қана қоймай, 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу құқығын да жеңіп алған болатын.
Чехияда жалпы есебі төрт спортшымыз жарыс жолына шығады. Олар: Георгий Шейко, Айман Ратоа, Галина Якушева және Регина Рыкова.