Шекарашылар «Мерседес» автокөлігімен Ресейге кетіп бара жатқан адамнан есірткі тапты. Оның есірткі затын қолданғандығы анықталды. Бұл туралы ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Павлодар шекара отрядының «Үрлітобе авто» бөлімшесінде шекарашылар есірткі іздеуге арнайы үйретілген қызметтік иттің көмегімен, жекеменшік автокөлігімен Ресейге кетіп бара жатқан 1974 жылғы қазақстандықты ұстады.
Жеке тексеру барысында оның төсқалтасынан ораулы «гашиш» есірткісі табылып, кейіннен Павлодар қаласының наркологиялық диспансері ұсталған азаматтың каннабиоид есірткісін қолданғандығын растады.