• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Сәуір, 2019

Павлодарда атаулы әлеуметтік көмек беру бөлімінің қызметкерлері демалыссыз қызмет көрсетпек

763 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы Жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмек беру бөлімінің мәліметінше, қалада 1435 көп балалы отбасы тұрады.

Сондықтан, отбасындағы әр балаға төленетін 21 мың теңгелік жәрдемақыға өтініш берушілер саны  көбеюде. Мамандар алдағы уақытта да үздіксіз жұмыс істеп, тұрғындардың өтініштерін қабылдамақ.

Орталыққа алғаш күндері 300-дей адам келген. Жалпы, жаңа талап бойынша атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеуге келген тұрғындар  өтініш беріп, жеке куәлігін көрсетеді.

Ал, қалған қажетті құжаттарды тиісті мекемелерге сұраным жіберіп, сол арқылы бөлім мамандары өздері толтырады. Бұрынғыдай қағаз-құжат тасып әуре-сарсаңға түспейді. Ескі талап бойынша атаулы әлеуметтік көмекті шартты түрде алатын отбасылар әр алты ай сайын, ал шартсыз негізде алатындар тоқсанына бір рет (3 ай) құжаттарын жаңартты.

Қазір жаңа жүйе бойынша шартты түрде алатындар жылына бір рет, шартсыз негізде алатындар жарты жыл сайын өтініш береді. Ал, әлеуметтік көмекті көп балалы отбасылар ғана емес, 1-2 баласы бар, бірақ табысы аз отбасының да алуына құқығы бар.

Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының кенже баласы 7 жасқа толғанға дейін ата-аналардың бірі жұмыс істемей үйде отыруына құқылы. Бірақ ерлі-зайыптылардың біреуі міндетті түрде жұмыс істеуі қажет немесе жұмыссыздар тізімінде тіркеліп тұруы шарт.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, биыл өңірде 10 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алады.